Негізгі Жаңалықтар Салауатты жастар – салауатты қоғам

Салауатты жастар – салауатты қоғам


ДИКТОР: Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік шара спорттық бәсекелермен жалғасты. «Aqmola Jastar Day Open Air – 2026» аясында «Жаңа Жағалау» алаңында облыс аудандарынан келген жас спортшылар бас қосты. Олар жағажай волейболы мен асық атудан бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.

РКС: Додаға Көкшетау, Зеренді және Қорғалжын өңірлерінен келген 50-ге жуық жас спортшы қатысты. Олар 2008-2009 және 2009-2011 жылдары туған қыздар мен ұлдар арасында сынға түсті. Олардың қатарында өңірлерден келген спортшылар, сондай-ақ «Мирандус», «Энергия» балалар клубтарының, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен қалалық жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бар. 

СНХ: АННҰР ҚАЛИЖАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ЗЕРЕНДІ): Жігер командасының капитаны боламын. Бәрі жоғары деңгейде. Қатты ұнап жатыр. Бір ойын өткіздік. 2/0 есебімен жеңіске жеттік. Алдағы ойындарды жеңуге тырысамыз. Қарсыластарыма тілейтінім жеңіс. Мықты команда жеңетін болсын. Өзіміздің командамен ойнадық, Жігер 2 мен.

СНХ: ЖАСМИН ЕСКЕНДІР, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (КӨКШЕТАУ): Мен «Энергия» клубында жаттығамын. №16 мектепте оқимын, жасым 16-да. Волейболмен екі жылдан астам уақыттан бері айналысып келемін. Қазір жағажай волейболынан өтіп жатқан жарыста бақ сынап жатырмыз. Мұнда командалар саны көп. Біздің 2008–2009 жылдар санатында төрт команда бар. Жарыс өте тартысты өтіп жатыр. Барлық командаға сәттілік тілеймін!

РКС: Құм алаңындағы тартыста әр ұпай үшін қызу күрес жүрді. Жас волейболшылар жеңіске жету жолында шапшаңдық пен дәлдікті ұштастырып, командалық үйлесімдерін көрсетті. Чемпионат олар үшін шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар жастарды белсенді өмір салтына баулып, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

СНХ: СӘКЕН СЫЗКЕН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ (ЗЕРЕНДІ): Өз оқушыларымды әкеліп, жарысқа қатысып жатқан жағдайымыз бар. Жарыс өте жақсы деңгейже өтіп жатыр. 50 шамалы балалар қатысып жатыр. Қыздар бар, ұлдар бар біздің Ақмола облысының. Жағажай волейболға жағдай жасалған. Спорт басқармасына, волейбол федерациясына үлкен алғыс айтамыз. Өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. Балалардың деңгейі ақырындап өсіп жатыр. Жағажай волейболы дамып келе жатыр Ақмола облысында. Алдағы уақытта көп жарыстар өтеді деген үміттеміз.

РКС: Жағажай волейболымен қатар, асық атудан да жарыс ұйымдастырылды.

СНХ: НАИЛЬ КОВАЛЕВ, БАЛУАН ШОЛАҚ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін Жастар күніне орай асық атудан қалалық турнир өтіп жатыр. Ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған бәсеке екі жас санаты бойынша өтуде. Бірінші топта 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, екінші топта 18 жастан асқан ересектер өнер көрсетуде. Жарысқа жастармен бірге аға буын өкілдері де белсенді қатысуда. Екі топта жалпы саны 30-ға жуық спортшы бақ сынап жатыр. Қатысушылардың ең кішісі – 12 жаста болса, ең үлкені – 45 жаста.

РКС: Ұлттық ойынға қызығушылық танытқандардың қатары жыл санап артып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар жастарды ұлттық спортқа баулып қана қоймай, аға буын мен жасөспірімдер арасындағы сабақтастықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. 


Бөлісу