Құрылтай сайлауына 12 күн қалды
ДИКТОР: Құрылтай сайлауына 12 күн қалды. Саяси доданың уақыты жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Депутаттыққа кандидаттар еліміздің барлық аймағын аралап, сайлауалды тұғырнамасын таныстырып жүр.
РКС: «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Абай облысына барды. Алдымен саяси ұйым мүшелері Семейдегі Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл қойды. Одан соң облыс жұртшылығымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сонымен бірге, көпшіліктің әлеуметтік қолдау, қолжетімді баспана мен жұмыспен қамтуға қатысты сұрақтарына жауап берді.
СНХ: АЙБЕК ДӘДЕБАЙ - «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Осыдан бірнеше жыл бұрын осы Семейді қазіргі жағдайымен салыстыруға келмейтін еді. Мұның әділетсіздік болғанын өздеріңіз айтып отырсыздар. Бұл да Президенттің орнатқан әділеттілігінің бір көрінісі.
РКС: Елордада Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның ұйымдастыруымен «Әйел дауысы – ұлт күші» атты форум өтті. Шарада гендерлік саясат, әйелдер құқықтарын қорғау мен олардың қоғамдық-саяси рөлі талқыланды. Форумға партия атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар, сарапшылар және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Спикерлер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және жаңа бастамалар жайында пікір алмасты.
СНХ: РАУШАН АУБАКИРОВА - ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ: Біздің Конституциямызға қарасақ бізде барлық закондар әйелдер мен ер кісілерге бердей. Сондықтан, әйел кісілерге мүмкіншіліктер туып жатыр. Қаншама директор, бас дәрігерлер, депутаттар, министрлер бар әйел кісілер. + Соған байланысты бүгін сөз қозғалып жатыр.
РКС: Қалдықты қайта өңдеп, оны жаңа ресурсқа айналдыру қажет. «Байтақ» партиясының өкілдері Алматы облысындағы 3-ші жылу электр орталығы ұжымымен кездесуде осы мәселені көтерді. Бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, дейді. Кездесуде станция қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелері көтеріліп, өзекті сұрақтарына жауап берді.
СНХ: ЕРЖАН ЖАРЫЛҚАСЫН – «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жиында көп жастар болды. Жастарды мазалайтын сұрақтар көп екен, әсіресе осы экология жағында. Өте қуанышты нәрсе. Себебі болашақ жастарамыздың қолында. Ең басты сұрақ АЭС туралы болды.
РКС: «Ауыл» партиясының өкілдері агроөнеркәсіп саласының мамандарымен және ғалымдарымен кездесті. Басқосуда ауыл шаруашылығын дамыту, отандық агроөнеркәсіптің әлеуетін арттыру және саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуде ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, заманауи технологияларды енгізу, ғылыми зерттеулерді өндіріспен ұштастыру және шаруаларды қолдау мәселелері сөз болды.
СНХ: ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ - «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жыл сайын қаражат та ғылымға көбейіп жатыр. Мәселе ауыл шаруашылықта көп. Ғалымдар осы жер мәселесін көтерді, су мәселесін көтерді, көп мәселені көтеріп жатыр. Көп сұрақ қойды, кооперативтер қалай құрылады.
РКС: RESPUBLICA партиясының кандидаттары Маңғыстау облысында бірқатар кездесу өткізді. Ақтауда еңбек ұжымдарымен жүздесіп, өндіріс орындарының әлеуетін артыруға қатысты мәселелерді талқылады. Жиын барысында азаматтар баспана, жұмыспен қамту және еңбек қатынастарына қатысты сұрағын қойды. Мұндай кездесу электр энергиясын таратумен айналысатын кәсіпорында жалғасты.
СНХ: МЕЙРАМГҮЛ МӘДӘЛІ - RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ: Бұл, біз үшін аса маңызды. Келген кезде бізді ғана тыңдап қана тұрған жоқ. Халықтың ішінен ой айтамын азаматтар ойын айтып жатыр. Ұсыныстарын беріп жатыр.