Негізгі Жаңалықтар Тазалық мәдениеті–қала келбетінің айнасы

Тазалық мәдениеті–қала келбетінің айнасы


ДИКТОР: Биыл Көкшетау қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Сарыарқа шағын ауданындағы жолдар жөнделіп, Застанционный шағын ауданында көше жарығын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ал, қаланы көркейту мақсатында абаттандыру жұмыстарына мемлекет тарапынан 500 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, қала тазалығын сақтау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, жыл басынан бері 130 мың текше метр қоқыс шығарылды.

РКС: Қаланың бүгінгі таза келбеті коммуналдық қызмет мамандарының күнделікті тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Таңның атысынан іске кірісетін қарапайым жұмысшылардың адал еңбегінің арқасында көшелер мен аулалардың тазалығы тұрақты сақталуда. Көпшілікке байқала бермейтін бұл еңбек, қаланың көркі мен тұрғындардың жайлы өміріне үлкен үлес қосуда.

СНХ: АЙБАР МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҰМЫСШЫ: Маған жұмысым ұнайды. Жұмысымды адал атқарамын. Біздің жұмысымыз үнемі бақылауды. Ұжымымыз тату. Ешқандай шағымым жоқ. Жалақы уақытында төленеді, бұл маған ұнайды. Ең бастысы жалқауланбау.

СНХ: ЖАЛҒАС ҚАЙРОЛЛИН, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ДИРЕКТОРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Общий состав 60 адам жұмыскер. Қала бойынша 3 бригадаға бөлінеді. Қазіргі кезде микрорайон Құлагерде жұмыс істеп жатыр. сосын внутреквортальный дворларда. 2 жаңа жағалауды жинап жатыр. барлық жұмысшылар жабдықталған керек заттармен. Жұмыс уақыты бізде таңғы 6-дан, кешкі 5-ке дейін. Техникалар мен көше жуатын машиналармен шығамыз.  

РКС: Тазалық-қаланың мәдениеті мен тұрғындардың жайлы өмірінің айнасы болса, абаттандыру қаланың ажарын ашатын сұлулық. Биыл Көкшетауда бұл бағытта аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп, қаланың келбетін жақсартуға бағытталған жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМАБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Жалпы Көкшетауда бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіледі. Оның ішінде Көкшетау қаласында өткен жылдан бастап, жаңадан көп жылдық өсімдіктерді отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бұл жұмыстарды атқаруға шамамен 500 млн теңгедей қаржы бөлінген болатын. « Nord botanic» серіктестігі жасыл желектерді күту, көп жылдық өсімдіктерді отырғызу, ағаш отырғызу сияқты жұмыстарды атқарады. Биылға шамамен 50 мыңға жуық дана көпжылдық гүл отырғызылған болатын.  

РКС:Келер жылы да бұл шаралар дәстүрлі түрде жалғасын тауып, жаңа жобалар жүзеге асырыла бастайды. Солардың бірі, қазіргі Бәйтерек саябағы аумағында экопарк салу жоспары. Және Ақмола облысындағы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында әзірленіп жатқан 4 ірі жобаны іске асыру.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу