Арайлы ауылында жаңа демалыс саябағы ашылды
ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Арайлы ауылында жаңа демалыс саябағы, ойын және футбол алаңдары пайдалануға берілді. Жаңа нысандар ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізіп, елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымын толықтыра түсті.
РКС: Ойын және футбол алаңдары аудандық бюджет қаражаты есебінен салынған. Барлық нысан қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған. Ал жаңа саябақ алғашқы күннен-ақ ауыл тұрғындарының, әсіресе балалар мен жастардың сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді.
СНХ: ИННА КРАУЗЕ-ЖАҚЫПБЕКОВА, АРАЙЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін ауылымызда өте әдемі саябақ ашылды. Балаларға арналған ойын және футбол алаңы, субұрқақ орналасқан демалыс аймағы бар. Осындай игі іске қолдау көрсеткен аудан басшылығына алғыс айтамыз Балалардың осындай жайлы әрі қауіпсіз жерде ойнап жүргенін көру - біз үшін үлкен қуаныш.
РКС: Бұған қоса, ауылдағы жолдар жөнделіп, көше жарығы жаңартылып, қоғамдық кеңістіктер көркейтіліп келеді. Игі іске бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсіпкерлер де қолдау көрсетуде.
СНХ: ЗЕЙНУЛЛА АЙТЫМБЕТОВ, АРАЙЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін ауылымызда кәсіпкер Геннадий Петрович Морозовтың қолдауымен жаңа саябақ ашылды. Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен балалар ойын алаңы салынды. Қазір ауылымыз қарқынды дамып келеді. Инфрақұрылым жаңартылып, жолдар жөнделіп, жарықтандыру және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
РКС: Ауылдағы абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғаспақ. Сонымен қатар, Целиноград ауданының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша да бірқатар жобалар жыл соңына дейін аяқталады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ