Негізгі Жаңалықтар Облыс аумағына 4,6 мың ағаш көшеті отырғызылды

Облыс аумағына 4,6 мың ағаш көшеті отырғызылды


ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық акция өтті. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған шараға өңірдің барлық ауданынан 40 мыңға жуық тұрғын қатысты. Белсенділер туған қалалары мен елді мекендерінің көшелерін тазалап, қоршаған ортаны абаттандыруға атсалысты. Тұрғындарға облыс әкімі Марат Ахметжанов та қосылды. Аймақ басшысы Ақкөл қаласына барып, экологиялық акцияның барысымен танысты.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Ақкөл қаласының тұрғындары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қалалық саябаққа жиналды. Олар волонтерлермен бірге саябақтағы аллеяға ағаш көшеттерін отырғызды. Акцияға қатысушылар туған өлкені абаттандыру – бір күндік науқан емес екенін айтады. Қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу жұмыстары мұнда тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Тұрғындар табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауды ортақ міндет санайды.

БЛИЦ: 

— Бұл акция жалпы біздің ауданымызда өте керемет жүзеге асып жатыр, оның бірі қазір өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай көшет отырғызу болсын, жалпы саябақты тазалау арқылы жүзеге асырып жатырмыз десем де болады, ол арқылы біз тек қана табиғатты жасатпаймын, сонымен қатар жалпы аудандағы бірлікті де ары қарай дамытуға өз үлесін көрсетіп жатыр.

— Бұл жерге қала қонақтары, оқушылар еріктілер ғой, өзіміздің қаламызға бей жай қарамайтын адамдар деп санаймыз.

РКС: Іс-шараға Кеңес орман шаруашылығының қызметкерлері де қатысты. Олар үшін көгалдандыру жұмысы – күнделікті атқаратын еңбектің бір бөлігі. Мұндай экологиялық акциялар қала аумағын таза ұстаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Қазірдің өзінде орманда адамдардың табиғат аясында демалысынан кейін қалған қоқыс көлемі айтарлықтай азайған.

СНХ: ЖАНАТ ҚОЖАХМЕТОВ, КЕҢЕС ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз жыл сайын ағаш отырғызу жұмыстарын жүргіземіз. Жыл сайын шамамен 200 гектар жерге 600 мыңға жуық көшет отырғызамыз. Президенттің «2 миллиард ағаш» бастамасының арқасында Қазақстандағы орман алқаптарының көлемі ұлғайды. Біздің облыста жыл сайын 27 миллион ағаш отырғызылады. Көктемде басталған ағаш отырғызу жұмыстары күзде де жалғасын табады.

РКС: Ағаш отырғызу жұмыстарына облыс әкімі де қатысты. Марат Ахметжанов Ақкөл қаласындағы саябақты абаттандыру жұмыстары шаһарды дамыту жоспарының бір бөлігі екенін атап өтті. Алдағы уақытта мұнда Сағадат Нұрмағамбетов есімімен аталатын үлкен музей ашу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ең басты ол бойымызда бір керемет қасиетті қалыптастыру. Сондай, бәрі жер таза болуы керек: көше, ойын, сөзін, ісін. Үлкен президент Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі ойынан туып, сондай міне, халықтың сана-сезімін өзгертуі, болашаққа дұрыс жаңағыдай бағдарламамен қарау, сеніммен қарау. Сондықтан осыны міне көріп отырсыздар, осы үш-төрт жылдың ішінде қандай үлкен өзгерістер бар. Міне, бәлен адам тұр, темекі шегіп тұрған біреуін көрдіңіз бе?Не болмаса бір басқа жерде. Мен міне көшелерде жүріп, сүйсініп қараймын.

РКС: Акция өткен күні облыс бойынша қарағай, шырша, терек, қайың және басқа да ағаштардың 4,5 мыңнан астам көшеті отырғызылды. Облыстың экологиялық дамуына бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылатын кешенді шараның бір бөлігі. Соңғы төрт жылда 11 мың гектар аумаққа 74 миллион түп көшет отырғызылды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 150 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу