Негізгі Жаңалықтар Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру


ДИКТОР: Студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдері Көкшетаудағы жоғары оқу орнының біріндегі бірінші курс студенттерімен кездесті. Онда жастардың заң алдындағы жауапкершілік пен қауіпсіздік шаралары туралы сөз қозғалды. Кездесу қалай өтті? Тілші баяндайды.  

РКС: Жастар алдында есірткіге қарсы күрес бөлімі мен ювеналды полиция мен прокуратура өкілі сөз сөйледі. Экономикалық тергеу департаментінің сарапшысы да болды. Студенттер диалогқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

СНХ: НҰРБАҚЫТ САҒЫНДЫҚ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгін бізде заң және тәртіп деген жастарға түсіндірме жұмыстары аясында іс шара өтілген болатын, оның барысында бізге қандай іс әрекеттер жасау керек және жасамау керек екенін. Үйрететін бізге үлгі беріп өтті, біз сол үлгіні ұстануға және заңды бұзбай бейбіт өмір сүруге уәде береміз. 

РКС: Кездесу тәуелсіз конференция форматында өтті. Шараның негізгі идеясы-жеке жауапкершілік. Мамандар есірткінің зияны, алаяқтық салаларына тартылу қаупі, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

СНХ: РӘЗИЯ ҚҰРСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Біздің басты мақсатымыз өскелен ұрпаққа, әсіресе 1-ші курс студенттеріне қоғамдағы дұрыс мінез-құлық туралы нақты білім беру, сондай-ақ олардың құқық бұзушылық жасауға жол бермеу. 

РКС: Сарапшылар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана елде заң талаптарын құрметтейтін қоғамды дамытуға мүмкіндік болатынына сенімді. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу