Прокуратура қызметкерлердің жалақыны уақытылы алу құқығын қорғайды
ДИКТОР: Жарқайың ауданындағы коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы уақытылы төленбеген. Мәселе жергілікті прокуратураның араласуымен шешілді. Жарқайың аудандық прокуратурасы еңбекке ақы төлеу саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде коммуналдық кәсіпорындардың бірінде 66 қызметкерге жалақы бойынша берешек бар екені анықталды. Кәсіпорын жұмысшыларына 7,5 миллион теңге уақытылы төленбеген. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде берешек толық көлемде өтелді. Осылайша, қызметкерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, еңбек заңнамасының сақталуы тұрақты бақылауда. Степногорск қаласында жүргізілген осындай талдаудың барысында жекеменшік балабақшаның 20 қызметкеріне жалақы бойынша 3 миллион 700 мың теңге көлемінде берешек қордаланғаны анықталған. Құқық қорғау органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде бұл қарыз да толық өтелді.