Негізгі Жаңалықтар «Оқжетпес» командасы Қазақстан кубогының финалына шықты

«Оқжетпес» командасы Қазақстан кубогының финалына шықты


ДИКТОР: Қыркүйектің 6-сында басталған ерлер арасындағы волейболдан Қазақстан Республикасы кубогының іріктеу кезеңі өткен жұма күні өз мәресіне жетті. Көкшетаулықтар соңғы ойынын Жезқазғанның «Ulytau» командасына қарсы өткізді. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Кездесу бірден жоғары қарқынмен басталды. Есепті көкшетаулықтар ашты. Екі команда да алаңда барын салып, қарсыласына ұпай алуға мүмкіндік бермеуге тырысты. Тартысты өткен алғашқы сетте көкшетаулықтар басымдық танытып, 25:23 есебімен жеңіске жетті.

СНХ: РОМАН ФАРТОВ, «ОҚЖЕТПЕС» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Жалпы, жақсы ойнадық. Жаттықтырушының берген тапсырмасын орындадық. Командадағы ахуал өте жақсы. Үшінші партияда сәл қобалжып ойнадық. Жақсы болғаны, ойынды тез аяқтап, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Жалпы, ойын жақсы өтті. Жаттықтырушының тактика және физикалық дайындық бойынша берген тапсырмаларының барлығын орындадық. Іріктеу кезеңіне жақсы дайындалып, жақсы нәтиже көрсеттік.

РКС: Ойынның екінші партиясында көкшетаулықтар шабуылды күшейтті. Ол қарсыластардың біраз қобалжуына себеп болды. Нәтижесінде «Оқжетпес» ойыншылары жезқазғандықтарды 25:14 есебімен жеңді.

СНХ: АЛЕКСАНДР КУВШИНОВ, ВОЛЕЙБОЛДАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ҰЛТТЫҚ ТӨРЕШІ: Негізгі міндетімізді орындадық – финалға жолдама алдық. Өкінішке қарай, белгілі себептерге байланысты өз алаңымызда бес кездесудің барлығында жеңіске жете алмадық. Дегенмен, жалпы нәтижеге де, жеңістерге де көңілім толады. Әрине, әлі де жұмыс істейтін тұстарымыз бар. Алдағы уақытта чемпионатқа дайындық барысында осы мәселелерге баса назар аударамыз. Атап айтқанда, тосқауыл қоюға және өзара іс-қимылымызға, яғни блок пен қорғанысқа көбірек көңіл бөлеміз. Бұл бағытта әлі де жұмыс істейтініміз бар.

РКС: Үшінші сет ең қиын әрі тартысты кезең болды. Қос команда да тең деңгейде ойнады. Нәтижесінде көкшетаулықтар «Ulytau» командасын 26:24 есебімен жеңді. Осылайша, «Оқжетпес» пен алматылық «Буревестник» командалары Қазақстан кубогының желтоқсан айының соңында өтетін финалдық кезеңіне жолдама алды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу