Негізгі Жаңалықтар «Оқжетпес» «Дарын» командасын жеңді

«Оқжетпес» «Дарын» командасын жеңді


ДИКТОР: Қыркүйектің 6-сында шаһарда волейболдан ерлер арасында Қазақстан Республикасы кубогының іріктеу кезеңі басталды. Жарысқа 6 команда қатысып жатыр. Күні кеше Көкшетаулық «Оқжетпес» командасы кезекті ойынын Шымкенттің «Дарын» командасына қарсы өткізді. Жергілікті құраманың төртінші ойынына тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Ойын 3 сетке созылды. Есепті «Оқжетпес» командасы ашты. Кездесу барысында қос команда да тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қарсыластар бір-біріне мүмкіндік бермеуге тырысып, алаңда қызу бәсеке орнады. Нәтижесінде бірінші сет 25:15 есебімен көкшетаулықтардың пайдасына аяқталды.

СНХ: АЛЕКСАНДР КУВШИНОВ, ВОЛЕЙБОЛДАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ҰЛТТЫҚ ТӨРЕШІ: Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша фавориттер анықталды. Алматының «Буревестник» және жергілікті «Оқжетпес» командалары. Күтпеген жағдай орын алмаса, осы екі команда финалға жолдама алады. Іріктеу кезеңіне Ұлттық лига командаларымен қатар Жоғары лига ұжымдары да қатысып жатыр. Әрине, олардың деңгейлері әртүрлі. Ұлттық лига командалары жоғары деңгейдегі тәжірибелі ойыншылармен жасақталған. Сондықтан олар жарыстың көшбасшылары саналады.

РКС: Екінші сетте де көкшетаулықтар басымдық сақтап, 25:21 есебімен жеңіске жетті. Ал үшінші кезеңде көкшетаулықтар 25:13 есебімен сенімді басымдық танытты. Айта кетейік, биыл бұрыңғы «Ұшқын-Көкшетау» волейбол клубы атауын өзгертіп, енді жаңа «Оқжетпес» атауымен, жаңа бапкер және жаңарған құраммен жарысқа қатысып жатыр.

СНХ: ӨМІРЗАҚ АХМЕТОВ, «АРДАГЕРЛЕР ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұрын «Ұшқын» деп аталды ғой, ең бірінші осы клуб ашылғанда. Енді қазір «Оқжетпес» деп атағаннан кейін мен ойлаймын, өзіміздің қазақ ырымшыл халықпыз ғой. Тек биік шыңға жетеді деп ойлаймын. Сондай сенім бар. Биыл тренер да басқа. Биылғы жылдан үміт күтеміз жақсы. 

СНХ: АЛЕКСЕЙ АНДРЕЕВ, «ОҚЖЕТПЕС» КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: Алматы командасынан бір ойында жеңіліп қалдық. Енді қателесуге құқымыз жоқ. Әр матчқа тек жеңіске жету және барынша жоғары есеппен ұту үшін шығамыз. Біз үшін тек жеңіс қана емес, нәтиже де маңызды. Биыл командадағы ойыншылардың барлығы тәжірибелі. Ұлттық лигада бірнеше рет жеңіске жеткен, Қазақстан кубогының иегерлері. Көбі Ұлттық құрама сапында ойнаған. Сондықтан құрамымыз тәжірибелі ойыншылардан жасақталған. Дайындықты тамыз айында бастадық. Ұзақ үзіліс болды. Сондықтан ойыншыларды бірдей физикалық дайындық деңгейіне келтіруге тура келді.

РКС: «Оқжетпес» командасы алғашқы ойынын Қарағанды құрамасына қарсы өткізіп, 3:0 есебімен жеңсе, екінші ойында Алматының «Буревестник» командасынан ұтылып қалды. Үшінші күні Өскеменнен келген «Berel» командасын 3:0 есебімен жеңді. Бес күнге созылған дода бүгін аяқталады. Соңғы ойынын көкшетаулықтар Жезқазғанның «Ulytau» командасына қарсы өткізбек. Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға екі команда ғана жолдама алады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу