Негізгі Жаңалықтар Ақмола облысының стартаптары жаңа деңгейге шықты

Ақмола облысының стартаптары жаңа деңгейге шықты


ДИКТОР: Startup Orda бағдарламасының финалы Көкшетауда өтті. Инвесторлар мен сарапшыларға 15 команда өз жобаларын ұсынды. Үш ай ішінде қатысушылар өз идеяларын пысықтап, оларды нарыққа шығаруға дайындады. Енді стартаперлар мамандардан кері байланыс алып, серіктестер мен даму үшін жаңа мүмкіндіктер табуды көздеп отыр. 

РКС: Анастасия Склярова зияткерлік мектептің 12-сыныбында оқиды. Жеке стартап идеясы ғылыми зерттеумен айналысқан кезде пайда болды. Бүгін оның жобасы мектеп тапсырмасынан басталып, алғашқы сатылымға дейін өтті.

СНХ: АНАСТАСИЯ СКЛЯРОВА, СТАРТАПЕР: Менің «Questly» стартапым үшін идея маған мектепте ғылыми жұмыс жазған кезінде келді. Мен зерттеу жұмыстарым үшін репрезентативті деректерді жинай алмадым, сондықтан мен осындай стартап жасадым. Бағдарлама мен үшін өте пайдалы болды, өйткені дәл сол жерде мен көптеген инсайттар мен жаңа ақпараттарды алдым.

РКС: 17 жасар Данил Мирошниченко Польшада бағдарламашы мамандығына оқиды, ол демалысын Қазақстанда өткізеді. Ол өзінің алғашқы стартабын үйден шықпай-ақ ақша тапқысы келетін үй шаруасындағы әйелдерге арнауды ұйғарды. Платформа кафелер мен мейрамханаларға қолжетімді балама ұсына отырып, үй өнімдерін сатушылар мен сатып алушыларды біріктіруі тиіс. Әзірлеушінің айтуынша, сұранысқа ие идеяны табу үшін тұжырымдамамен жұмыс істеп, нарықты зерттеуге тура келген.  

СНХ: ДАНИЛ МИРОШНИЧЕНКО, СТАРТАПЕР: Үй шаруасындағы әйелдер де кейде ақша тапқысы келеді. Жалпы, бұл өте қызықты идея, онда үй шаруасындағы әйел үйден шықпай-ақ тамақ жасап, оны сата алады. Бастапқыда менде стартап мәні былай болды, мысалы, мекеме жабылғанға дейін 3-4 сағат бұрын сатылмаған кондитерлік өнімдер, мекемелер оны арзандатып қояды. Бірақ, өкінішке қарай, бұл идея орындалмады, мен ТМД елдеріміздің көршілес нарығын қарап, Қазақстанда жоқ қызықты идеяны таптым және оны іске асыруды шештім, және ол өте жақсы сұраныс берді.

РКС: Бағдарламаға қатысуға барлығы 143 өтінім келіп түсті. Финалдық кезеңге 22 команда жетті, ал Demo Day байқауында өз жобаларын таныстыру мүмкіндігіне 15 үздік ие болды. Бұл үшін қатысушылар идеяларды пысықтауға және оларды толыққанды IT-өнімдерге айналдыруға көмектескен кәсіби трекерлермен және сарапшылармен жұмыс істеді.

СНХ: ӘСЕЛ ӘБДІРАХМАНОВА, «AQMOLA HUB» АЙМАҚТЫҚ IT-ХАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл біз қатысушылардан тек студенттер мен мектеп оқушыларын ғана емес, сондай-ақ дәстүрлі бизнес өкілдерін де көріп отырмыз, олардың өз бизнестерін цифрландыруға, IT-жобаны ойлап табуға мүмкіндіктері бар. Бұл бағдарлама өңірдің стартап-экожүйесін дамытуға, жас командаларға ІТ-кәсіпкер болуға және өз өнімдерін өңірдің, сондай-ақ Қазақстанның нарығында ұсынуға көмектеседі. Мұндай бағдарламалар экожүйелер үшін ғана емес, жалпы экономиканы дамыту үшін де өте маңызды.

РКС: Demo Day қатысушылары үшін өздерін көрсету және келесі қадамды жасау мүмкіндігі болды. Қазылар алқасы «TUSIN» әлеуметтік технологиялық стартап бағдарламасын жеңімпаз деп тапты. Оның авторы ымдау тілін сөйлеушілер мен еститін адамдар арасындағы екіжақты қарым-қатынас үшін AI-экожүйесін әзірлейді. Бас жүлде - Астанаға Стартап-аллеяға сапар, онда жеңімпаз өз әзірлемесін ұсынады және оны ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу