Негізгі Жаңалықтар Диқаншылары 4 млн. тонна астық бастырды

Диқаншылары 4 млн. тонна астық бастырды


ДИКТОР: Ақмола өңірінің диқаншылары 4 миллион тонна астықты қамбаға құйды. Өңірде егін жинау науқаны 62 пайызға орындалды. Жұмыс қарқынына ауа райы да қолайлы болып тұр. «Қазгидрометтің» мәліметінше, елімізде мұндай метеожағдайлар 1998 және 2010 жылдары болған. Ол кезде әр гектардан 3,7 және 5 центнерден ғана өнім жиналған. Ал бүгінде облыстағы орташа өнімділік 2 есе жоғары.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Жаздағы аптап ыстық Сандықтау ауданының диқандарына мол өнім жинауға кедергі болған жоқ. Мұнда әр гектардан орта есеппен 27 центнерден астық алынуда. Өнімнің сапасы да жоғары. Қамырлылығы 28 пайызға дейін жетеді. Ол «Hi-Pro» бидайының премиум стандартына сәйкес келеді.

СНХ: АЛЕКСАНДР ЗАКУСИЛОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Биыл біз 20 мың гектар алқапқа бидай, бұршақ, майлы дақылдар ектік. Күзгі жиын-терім жұмыстары ерте басталды. Тамыздың үшінде бұршақ дақылдарын жинауды бастасақ, тамыздың ортасында бидай оруға кірістік. Өйткені бұрнағы жылдармен салыстырғанда биыл белгіленген мерзімнен шамамен 3 аптадай ерте пісті. Соған қарамастан жинап жатырмыз. Гектарынан 27-28 центнерден өнім жинап жатырмыз. 

РКС: Облыс бойынша егіннің орташа шығымдылығы гектарына 13,5 центнерден айналуда. Мұндай көрсеткішке мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізіліп отырғанын айта кету керек. Шаруалар жеңілдетілген жанар-жағар майды уақытында алды. Үкіметтен бөлінген 81 мың тонна бөлсе, соның 50 мың тоннасы шаруашылықтарға жеткізілді. Қалғанына ақшасы төленді. 

СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұдан бөлек биылғы мемлекет тарапынан облыс аграршыларына ауыл шаруашылық саласы бойынша 316 миллиард теңгеден астам мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 5 пайызбен 131 миллиард теңге төмендетілген несиемен қаржы бөлінді. Бұл да өз шаруаларына дер кезінде егуіне және өнімділікті дер кезінде жинап алуына үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

РКС: Аймақта жалпы егістік алқап көлемі 5,5 миллион гектардан асты. Айта кетейік, былтыр облыс шаруалары 7,5 миллион тонна астық жинады. Биыл былтырғы межеден де асып, қамбаға 8 миллион тоннадай алтын дән жинап лауды жоспарлап отыр. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу