Қорғалжын ауданында Flamingo fest фестивалі өтті
ДИКТОР: Қорғалжын ауданында Flamingo Fest екінші мәдени-туристік фестивалі өтті. Табиғаты көркем өңірде ұйымдастырылған шара биыл Ақмола облысының тұрғындарын ғана емес, Астана мен көршілес өңірлерден келген қонақтарды, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерін де бір арнаға тоғыстырды. Фестиваль қонақтары Қорғалжын өңірінің бай мәдениеті мен табиғи ерекшеліктерімен танысып, табиғаттың ерекше көркіне айналған экзотикалық әрі әсем құстар – қызғылт қоқиқаздарды тамашалады.
ПЕРЕБИВКА:
РКС: Ауданның экожүйесі – өзіндік ерекшелігімен құнды. Мұнда Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі орналасқан. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта құстың 347 түрі мекендейді. Қорғалжын қорығы өзінің қайталанбас табиғатымен талайды тамсандырады. Биыл да жүздеген адам ақшыл-қызғылт қанатты қоқиқаздарды тамашалау үшін арнайы келді. Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Елшісі Алешка Симкич қызғылт қоқиқаздар мекен ететін бұл өңір туралы әріптестерінен естіген. Дипломаттың айтуынша, оған бұл таңғажайып құстар туралы бірнеше рет айтылған. Алайда Қорғалжынға арнайы келудің сәті биыл түскен.
СНХ: АЛЕШКА СИМКИЧ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЕЛШІСІ: Бұл менің мақсатым болды. Қазақстанға келгенімде маған қоқиқаздар туралы айтқан еді. Бірақ олардың дәл осы жерде мекендейтініне аса мән бере қоймадым. Өйткені қоқиқаздар басқа елдерде экзотикалық құс саналады. Алайда Қазақстанға мен келгенге дейін Еуропалық Одақ елдерінің елшілері қоқиқаздарды тамашалауға барғанын айтты. Сол кезде мен де осы ерекше құстарды көруге арнайы сапар ұйымдастыруды ойладым.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қорғалжын ауылында қызғылт қоқиқаздарға арналған ерекше фестиваль дүбірлі өтті. Табиғат пен мәдениетті тоғыстырған мерекелік шараның шымылдығы хореографиялық қойылыммен ашылды. Оны Атбасар ауданынан арнайы келген «Молодость» халықтық ансамблі ұсынды. Мерекелік бағдарламаны жергілікті өнерпаздар жалғастырып, «Нұрлы саз» музыкалық квартеті көрерменге әсем әуеннен шашу шашты. Фестивальдің басты мақсаты – өнерпаздардың өнерін тамашалаумен ғана шектелмей, қонақтарға Қорғалжынның қайталанбас табиғаты мен бай мәдениетін таныстыру. Ауыл орталығындағы еңселі киіз үйлердің маңында Flamingo Art көрмесі ұйымдастырылып, онда жас суретшілердің табиғат пен қызғылт қоқиқаздарды бейнелеген шығармалары көпшілік назарына ұсынылды. Ал көрме жанында сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі қыза түсті.
БЛИЦ:
- Бүгін Қорғалжында Фламинго фест фестивалі өтуде. Жылда осындай фест өтеді Қорғалжында. Өте жақсы, еліміз көркейіп жатыр. Мында өте әдемі. Жан-жақтан, шетелден келіп жатыр қаншама адамдар. Қаншама білімді кісілер, журналисттер. Бәрі өте жақсы өтуде. Біз қуаныштымыз. Жылдан жылға Қорғалжын көркейіп отыр. Осындай көркем мекендер де бар. 0,30
- Біз өте қатты мақтанамыз бізде қоқиқаз бар екеніне. Бізде ақбөкен ақбие осы Қазақстанның ең үлкен қорығымыз. Соған біз өте мақтанамыз. Ауылымызбен, халқымызбен. Осы үйімізбен. Барлығы осы – мақтанышымыз.
- Фламинго – это гордость нашего Коргалжына. Это единственное место, где есть такие птицы. Мы этим гордимся. Чтобы их увидеть, к нам приезжают разные гости. У нас есть заповедник, в котором можно их увидеть.
РКС: Жыл сайын Қорғалжынға 2 мыңға жуық турист келеді. Аудан әкімі атап өткендей, өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін жаңа туристік нысандарды дамытуға, тарихи орындарды кеңінен танытуға және осындай мәдени-туристік фестивальдерді тұрақты өткізуге басымдық берілмек.
СНХ: АЛМАС АЛИН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Былтыр Қорғалжын ауданында тарихта бірінші рет әнге үлкен ескерткіш қойдық. Ол жаңағы екі жастың махаббаты, біздің Дударай мен Мариям махаббаты. Қорғалжын ауданы осы әнмен бүкіл әлемге танылған жер, Ащыкөл, Тұщыкөл деген тарихи жер. Сол жерде біз осы үлкен туристік локацияны аштық былтырғы жылы. Биылғы жылы сол кездегі туристердің саны солардың арқасында екі есе өсті. Бізің жерлерде тағы да тарихи жерлер бар. Ол хандардың жатқан жерлері, салт-серілердің жатқан жерлері, жаңағы 84 көліміз бар. Оны маңайында қасында құстар бар, қаршығалар. Соның маңайында да осы туристік потенциалымызды көтеріп, осының бәрін насихаттап туристердің санын көтергіміз келеді.
РКС: Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Қорық 1968 жылы бірегей табиғи экожүйелерді қорғау мақсатында құрылған.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ