Негізгі Жаңалықтар 200-ден астам аудан тұрғыны экоакцияға қатысты

200-ден астам аудан тұрғыны экоакцияға қатысты


ДИКТОР: Шортанды кентінің 200-ден астам тұрғыны «Таза мекен-таза сана» экологиялық акциясына қатысты. Белсенділер саябақтар мен қоғамдық орындардың аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. 

РКС: «Жасыл ел» жасағының волонтерлері мен туған жердің тазалығына бей-жай қарамайтын аудан тұрғындары бір мақсатқа жұмылды. Негізгі тазалық жұмыстары кенттің орталық саябағында өтті. Тұрғындар жасыл желекті сақтап, қоршаған ортаны аялауға ерекше көңіл бөлді.

СНХ: ГҮЛНҰР СӘДУАҚАСОВА, ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгінгі акцияға аға буын өкілдерінің, осы саябақтың негізін қалауға атсалысқан азаматтардың, мектеп оқушыларының, жоғары сынып оқушылары мен жастардың белсенді қатысып отырғаны қуантады. Өйткені бұл, баршамызға ортақ міндет. Таза Қазақстан, таза аудан орталығы, таза әрбір елдімекен бәріміздің ортақ қамқорлығымыз. Сондықтан, баршаңызды қоршаған ортамызды аялап, табиғатты қорғауға шақырамын.

РКС:Тазалық жұмыстарымен қатар саябақты көгалдандыруға да басымдық берілді. Акция аясында 100 түп терек көшеті отырғызылды. Көшелердің таза әрі көрікті болуы, әр тұрғынның қоршаған ортаға деген жауапкершілігіне байланысты. Осыны жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ерекше мән берілді. Шортанды кентіндегі №2 мектеп оқушыларына «Тазалық–өзіңнен басталады» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Кездесу барысында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және әр адамның жеке жауапкершілігі жөнінде әңгіме өрбіді.

СНХ: НҰРКЕН ШАХМЕТОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысының ұсынған акциясы өз жалғасын табуда. Біздің ауданымызда барлық жастарды, барлық аудан тұрғындарын осы акцияға белсене қатысуға да шақырамыз. Осы шара акция аясында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда, елімізді, жерімізді таза ұстайық, белсене қатысайық. 

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Шортанды ауданының әкімі Сағындық Шабаров экологиялық акцияға белсене қатысқан азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады. Айта кетейік, мұндай игі бастамалар бүгінде еліміздің барлық өңірінде қолға алынған. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы табиғатты қорғауға, туған жерді таза ұстауға және қоршаған ортаны аялауға бағытталған. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу