Негізгі Жаңалықтар «Оқжетпес» Шымкенттік «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді

«Оқжетпес» Шымкенттік «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді


ДИКТОР: Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы 2027 жылғы маусымға арналған жаңа фирмалық стиль мен ойын формасын таныстырды. Жаңару Қазақстан Премьер-лигасының 25-ші турының шымкенттік «Ордабасы» командасымен өткен матчтың алдында ұсынылды. Оқжетпес өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын күні облыс орталығының көшелері нағыз футбол мерекесіне айналды. 

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Ребрендингтің басты элементі эмблемадағы ат болды. Бұл образ Ақан серінің аңызға айналған жылқысына сілтеме жасайды. Аттың жалындағы шифрланған жебелер клуб атауының мағынасын ашады. Көрнекі стиль жаңа пішінде де қолдау тапты. Киім кешек жинақтары дәстүрлі түстерде орындалған және команда жаңа маусымда ойнайтын заманауи спорттық киім-кешек стандарттарына сәйкес келеді.

СНХ: РУСТЕМ КАСИМОВ, ЖАНКҮЙЕР: Бүгін өте жақсы күн, концерт өтуде. «Ордабасы» командасымен өте маңызды матч өтуде. Мен нағыз жанкүйер ретінде жеңеміз деп ойлаймын. Командаға сәттілік тілегім келеді. Тағы бір айта кетейін дегенім, бүгін мен жаңа логотипті көрдім және ол маған өте ұнады! 

РКС: Фирмалық стильдің жаңартылуы команданың 2026 жылғы Премьер-лигада сәтті өнер көрсетуімен тұспа-тұс келді. Тұсаукесерден кейін «Оқжетпес» Шымкенттің «Ордабасы» командасына қарсы ойынға шықты.

БЛИЦ: 

СНХ: Мен «Оқжетпес» футбол клубының жанкүйерімін. Осы жылы бізге «Ордабасы» Шымкент клубы келіп жатыр. Осы 5-ші қыркүйек күні біздің футбол күні мерекесі құтты болсын! Осы жылы «Ордабасыны» өз үйімізде жеңсек, өзімізге тарихи болады және еурокубоктарға шықсақ, бізге де жақсы болады

СНХ: Думаю то, что сегодня будет зрелищная игра. Матч между первой и четвертой командой. Наша находится... «Окжетпес» команда на четвертом месте. В этом году хорошие результаты показывают. Надеемся, что наши победят!

СНХ: Эмоции отличные! Буду болеть, самые сильные — за «Оқжетпес»! «Оқжетпес» — алға!

РКС: Шымкенттіктер бірінші таймда есеп ашты. Алайда «Оқжетпес» ойын барысын өзгертті. Алдымен Нұрғайын Бөрібаев пенальтиден гол соқты, ал Лео Асунпсао сексен екінші минутта командаға жеңіс әкелді. Кездесуді трибунадан облыс әкімі Марат Ахметжанов пен кәсіпкер Иван Сауэр тамашалады. Финалдық кездесуден кейін аймақ басшысы киім ауыстыратын бөлмеге барып, ойыншыларға алғысын білдірді. 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Келген жанкүйерлердің көңілін тауып, қарқынды, тартысты, қызық ойын болды. Көш басында келе жатқан «Ордабасы» ешкімнен жеңілмей келе жатқан «Ордабасы». Ақмола облысының атынан, өз атымнан жеңіспен құттықтаймын! Сіздерге бәріңізге шын жүректен алғыс айтамын! Жеңісті күндер көп болсын.

РКС: Жеңіс «Оқжетпеске» 42 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Енді көкшетаулық команданың запаста екі кездесуі бар. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу