Ауыл адамдары қысқа дайындалып жатыр
ДИКТОР: «Қыс шанаңды жаз сайла» деген сөз ауыл тұрғындарын ширықтыратын сөз десе де болады. Өйткені, өз күштеріне ғана сеніп үйренген олар үшін қысқа қажетті жем-азық, отын-көмірді суық түспей жинап, дайындап алу маңызды. Қазір қай ауылға барсаңыз да тынымсыз тіршілікті көресіз.
РКС: Николай Колесников Бурабай ауданына қарасты Дмитриевка селосында тұрады. Жастайынан осында орман шаруашылығында еңбек етіп, зейнетке шыққан. Денсаулығы сыр беріп жатса да, қара жұмыстан бас тартқан емес. Бұл бір жағынан денені шынықтырады дейді ол.
СНХ: НИКОЛАЙ КОЛЕСНИКОВ, ДМИТРИЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Отынды дайындап қойдық, бәрі кепкен, енді қораға кіргізіп жатырмыз. Қысқа дайынбыз. Зейнеткерлер қысқа әзір болуға тиіс, өйткені қыс түскенде қиын болады. Біз қолымызды бос ұстап отырмаймыз, тынымсыз еңбек етеміз, қала жаққа қызықпаймыз, өйткені біздің өміріміз осы жерде ауылда ғана мәнді.
РКС: Аққайың ауылының тұрғыны Жанкелді Мұстафин де отынын жарып, қысқа дайындық шараларына кірісіп кеткен. Малға қажетті жемшөбін әзірлеп, қора-қопсысын дайындап та қойыпты.
СНХ: ЖАНГЕЛДІ МҰСТАФИН, АҚҚАЙЫҢ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Міне қысқа дайындық, ақ қайыңмен жағамыз, шөбімізді, суымызды бәрін дайындап, биыл аяз қатты болады деп жатыр, ауылдың бәрі дайындалып, дайын отыр ғой енді. Орман шаруашылығында жұмыс істегеннен кейін бізге отынмен көмектеседі.
РКС: Ауылда еңбекке жарамды ер азаматтардың бірде бірін көшеде кезіктірмейсіз. Олардың бәрі күзгі орақ науқанында егіс даласында еңбек етеді. Жалақысы жақсы болғандықтан, маусымдық жұмыстардан ешқашан бас тартпайды. Еңбектің наны тәтті болатынын олар бала күнінен біледі.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ