Кезексіз медицина
ДИКТОР: Бұдан былай дәрігерге жазылу, электронды талон алу және медициналық ақпараттың бәрін онлайн режимде көруге болады. Цифрлық сервистер Ақмола облысында пациенттерге қызмет көрсетудің қалыпты форматын біртіндеп өзгертуде. Бүгінде мұндай мүмкіндік өңірдің жеті медициналық ұйымында қолжетімді.
РКС: 1 аптада 3391 пациент электронды кезекті пайдаланды. Жүйе тұрғындардың өтініштерін автоматты түрде тіркейді. Бүгінде талонды «Дамумед» қосымшасы, QR-код арқылы тікелей емханада немесе әдеттегідей - тіркеу орнында және телефон арқылы үш тәсілмен алуға болады. Егер цифрлық сервистерде қиындықтар туындаса, қызметкерлер пациенттерге сол жерде көмектеседі.
СНХ: АЙНАШ РАҚЫШЕВА, ЕМХАНАНЫҢ БАС ТІРКЕУШІСІ: Бұл аппараттық-бағдарламалық кешен, онда адам кьюар кодын сканерлеп, кезек алады. Бұл әрбір пациентке өте ыңғайлы әрі тиімді. Егер қарт адам қандай да бір себептермен цифрлық кезек ала алмаса, онда ол тіркеуге келеді, біз кезекке тұруға көмектесеміз.
РКС: Электронды кезек тіркелімді алмастырмайды, пациентке қосымша жазылу әдісін береді. Бұл ретте цифрлық шешімдер дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Жеке кабинетте дәрігер пациент туралы қажетті ақпаратқа тез қол жеткізе алады.
СНХ: ЭЛЕОНОРА ФЕЛЬ, УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕР: Біз енді кезекті жазып отыру жұмысынан босаймыз. Қанша пациент бар екенін, жазылғандардың жалпы санын көреміз, яғни енді есептеп отырмаймыз. Жаңа жүйе санды бірден береді, қанша адам қабылдағанымызды, қанша адам қабылдауды өткізіп алғанын көрсетеді. Ол бағдарлама диагнозды қоюға көмек десе де болады. Бізге пациент туралы барлық ақпаратты бере алады: соңғы рет қандай дәрігерге қаралды және сондағы аурухана парақтарын көрсетеді.
РКС: Медициналық қызметтер неғұрлым цифрлық форматқа көп көшірілсе, деректерді қорғау мәселесі өзекті болмақ. Электронды жүйелерде пациенттердің денсаулығы туралы ақпарат сақталады. Сондықтан оған қолжетімділік шектеулі және қорғалған, - дейді мамандар.
СНХ: ДИАС ТӘЖМИЕВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ІТ-СҮЙЕМЕЛДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК МАМАН: «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына сәйкес сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген.
РКС: Осылайша, цифрлық технологиялар қазіргі заманғы медицинаның бір бөлігіне айналды. Олар қабылдауға жазылуға көмектеседі, кезекте тұрмауға, қажетті ақпаратты тез табуға және дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Әрбір жаңа сервистің басты міндеті - медициналық көмекті тұрғындар үшін қолжетімді, ыңғайлы және қауіпсіз ету.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.