Негізгі Жаңалықтар Орманды өрттен қорғау - басты міндет

Орманды өрттен қорғау - басты міндет


ДИКТОР: Бурабай ауданына қарасты Ұрымқай орман шаруашылығы 34 мың 572 гектар аумақты алып жатыр. Оның 24 мың 157 гектары орманды алқап. Шаруашылықтың мамандары өрт қаупі кезеңінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып,қырағы күзетте тұр десе де болады. Соның арқасында осы жазда тек далалық жерде орын алған үш өрт оқиғасы бірден ауыздықталып, қызыл жалын ағаштарды шарпыған жоқ.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Орманды алқаптың маңында жерді жырту — бұл өрттің таралуын тоқтататын, ең тиімді де негізгі өртке қарсы механикалық кедергі, яғни минералданған жолақ құру, немесе қорғаныш белдеуін жасау маңызды. Бұл шараның мақсаты — өрттің сырттан орманға немесе орманнан ауыл шаруашылығы алқаптары мен елді мекендерге өтуіне жол бермеу. Яғни орман жиегі мен іргелес аумақтардың шекарасы бойымен ені кемінде 4 метр болатын топырағы аударылып, өсімдіктен тазартылған жолақ жасалады. Жыртылған жерлер жаз бойы қадағаланып, шөп басып кетпеуі үшін маусым ішінде бірнеше рет қайта жыртылады.

СНХ: ӘДІЛХАН ОРЫНБАЙ, ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ ИНЖЕНЕРІ: Өрт қауіпті кезеңінің басталуына байланысты орман минералды жолақтарын күту жұмыстарын жүргіземіз. Ол дегеніміз орман өртінің алдын алу шараларының бірі болып есептеледі, жылына үш рет жүргіземіз., дала өртінен орман өртіне ұласып кетпеуі үшін Жедел жоспарды құрған кезде жылына 1400 километр минералды жолақтарды жүргізуге тиіспіз. 

РКС: Бұл аумаққа Придорожное, Савиное және Ұрымқай орманшылықтары қарайды. 25 орманшы орманды және далалық алқапты қырағы қадағалап жүреді. Биыл шаруашылыққа өрт сөндіру көліктері, жер жыртатын тракторлар және жол талғамайтын көліктер берілді. Алқаптағы жағдай екі мұнарадан бақыланып отырады, диспетчерлік пунктпен байланыс тәулік бойы үзілмейді. Орман шаруашылығының мамандары күзгі орақ науқанында жүрген диқаншылармен де үнемі әңгімелесіп, өрт қауіпсіздігін сақтау жолдарын түсіндіреді. 

СНХ: ОРЫНБАЙ ДҮЙСЕНБАЕВ, ӨРТ СӨНДІРУ ЖАУЫНГЕРІ: Жылда инструктаж өтіп жатырмыз, көктемде, жаздың ортасында оқып, табиғатта ең алдымен өртті өршітіп алмай, тез арада сөндіру біздің мақсатымыз. 

СНХ: АЛЕКСАНДР ЗИТКОВ, ВОДИТЕЛЬ ПОЖАРНОЙ МАШИНЫ: Подготовка у нас на хорошем уровне, подготовки, учения проходят периодически. Главная цель, чтобы пожаров не было, предупреждения.

РКС: Ұрымқай орман шаруашылығының мамандары алқапты жаңа ағаштармен молайту жұмыстарымен айналысады. Бес гектар аумаққа өз қолдарымен өсірген талдарды егеді. Биыл көктемде 164 гектар жерге 1 миллион түп қарағай, үйеңкі, қайың көшет отырғызды. Осы күзде 700 мың түп ағаш егуді жоспарлап отыр.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу