Негізгі Жаңалықтар Көркемсурет мектебінің техникалық ашылуы өтті

Көркемсурет мектебінің техникалық ашылуы өтті


ДИКТОР: Көкшетауда жаңартылған көркемсурет мектебі жас шәкірттерге есігін айқара ашты. Әзірге нысанның техникалық ашылуы ғана өтті. Мердігер сыртқы жұмыстар мен аумақты абаттандыруды жалғастыруда. Облыс орталығына жасаған жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді. Тілші баяндайды.


РКС: Екі қабатты жаңа ғимараттың жалпы ауданы 1800 шаршы метр. Онда жылы мезгілде балалардың ашық ауада сурет салып, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беретін кең терраса қарастырылған. Көркемсурет мектебіне 6 мен 18 жасқа дейінгі оқушылар келеді. 


СНХ: ЮЛИЯ ЖЕЛОБКОВА, КӨКШЕТАУ БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бәріміз де қатты қуаныштымыз. Ұстаздар қауымы дән риза, ал балалар мұнда таңданыс пен қызығушылыққа толы көздерімен келеді. Олар бірнеше күн бойы ерекше толқыныс пен шаттыққа бөленді. Біздің барлық тілектеріміз ескерілді. Мен бұған дейін талай рет айтқанымдай, төбе биіктігі, эргономика және жарықпен қамту сапасы жағынан бұл нысан Өнер академиясымен тең түседі. Иә, біз дәл сол классикалық стандартқа ұмтылдық. Біздің әрбір өтінішіміз толықтай орындалды.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа білім беру нысанының ашылуымен құттықтады. Сонымен бірге жаңа модификациялы шағын автобустың кілтін табыс етті.

Интершум:  

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осыдан бір жыл бұрын ғана осындай ғимаратты жоспарлаған едік. Көркемсурет мектебінің ескі ғимараты әбден тозып, апатты жағдайда болатын. Сондықтан да, жаңғырту бастамасы аясында сіздерге осы заманауи әрі жайлы ғимаратты ұсынуды жөн көрдік.

РКС: Облыс басшысы сондай-ақ вокзал маңындағы алаңды абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді. Онда көлік қозғалысын қайта ұйымдастыру жұмыстары аяқталды. Жаңа айналма жол мен қосымша кірме жол жергілікті және қалааралық көлік ағындарын бөлуге, сөйтіп аумақтың өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ жаңа автобус аялдамалары мен көлік тұрақтарын жасақтауға мүмкіндік берді.


СНХ: РАСИМ ХАМИТОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ КӨШЕ КЕҢІСТІКТЕРІН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫСЫ: Біз аумақты көзбен қарағанда кеңірек етіп көрсететін және кеңістік сезімін арттыратын биік платформалық құрылымдарды алып тастадық. Сонымен қатар, келушілер мен жергілікті тұрғындардың көңілінен шығатын жаңа көпжылдық өсімдіктер мен ағаштарды күтіп-баптауға арналған автоматтандырылған суару жүйесінің инфрақұрылымы толықтай орнатылды. Қосымша көше шамдарын орнатуға мүмкіндік беретін электр жүйелері де жаңартылып, нәтижесінде вокзал алдындағы аумақтың келбеті одан әрі жақсарды. Жалпы алғанда бастапқы шағын сәулет нысандарының кейбірі сақтап қалынды.

РКС: Ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында еліміз бойынша 124 теміржол вокзалы жаңартылуда. Ең көп нысан 16 вокзал Ақмола облысында жөндеуден өтті. Көкшетау вокзалындағы құрылыс жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу