Мектептерде жаңа пәндер оқытыла бастады
ДИКТОР: Жаңа оқу жылында Қазақстанның білім беру жүйесіне бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Соның бірі, биылдан бастап мектеп бағдарламасы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп» жаңа пәндермен және «Жеке қауіпсіздік» курсымен толықтырылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы өңір мектептерінде қалай жүзеге асып жатыр? Тілшімі материалында.
РКС: Жаңа оқу жылынан бастап орта буын оқушыларының білім қоржыны тағы бір жаңа пәнмен толықты. 5-сыныптан 7-сыныпқа дейінгі оқушылар «Конституция негіздері» пәнін меңгеріп, елдің Ата Заңы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде білім алады. Ал 8–11 сынып оқушылары үшін «Заң және тәртіп» міндетті курсы енгізілді. Сонымен қатар, жеке қауіпсіздік курстары да жаңа оқу жылында айына 2 рет ұйымдастырылады. Бұл құқықтық сауатты ұрпақ қалыптастырудың маңызды қадамы,-дейді ұстаздар.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЙЫМ НҰРМАҚАНОВА, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: Конституция негіздері пәні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай өте қарапайым әрі өмірмен байланысты тақырыптардан басталады. Балалар ең алдымен Конституция дегеніміз не? Ол не үшін қажет? Мемлекеттік рәміздерді қалай құрметтеу керек деген сұрақтарға жауап алады. сонымен қатар, өздерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін тәжіребиелік тапсырмалар арқылы меңгереді.
РКС: «Конституция негіздері» және «Заң мен тәртіп» пәндерін аптасына 1 рет, ал «Жеке қауіпсіздік» курсын айына 2 рет өткізу жоспарлануда. Аталған жаңа пәндерді оқытуды тарих және құқық пәндерінің мұғалімдеріне жүктелді. Ал «Жеке қауіпсіздік» курсын мектептің педагог-психологтары жүргізетін болады.
СНХ: АРАЙЛЫМ ӘМІРҒОЖИНА, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ: Жеке қауіпсіздік сабағы психолог ретінде айтарым ең қажетті әрі ұтымды бастамалардың бірі. Өйткені бұл сабақтың ұтымдылығы мен қажеттілігі бала қауіп-қатердің алдын алып, болған жағдайда өзіне бір мінез-құлықтарды қалыптастыру арқылы, жеке тұлға ретінде дамиды. Жалпы бұл сабақ мектеп психологтарына ұтымды мүмкіндік деп айтар едім, өйткені біз оқушылармен жиі кездесетін болдық. Жас ерекшеліктеріне сай, түрлі тақырыптарды тереңірек талқылаймыз. Талқылау барысында тек ақпараттық бөлім емес, оқушылардың топтық, рөлдік ойындар, қызықты тренингтер, ойындар, жағдаяттар, талқылау арқылы баланы осы тақырыпты кеңінен ашуға мүмкіндік береді.
РКС: Жаңа пәндердің негізіне «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтары, «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Таза Қазақстан» және жаңа Конституцияның негізгі идеялары мен құндылықтары енгізіледі. Осы арқылы білім алушыларды елін, жерін құрметтейтін, заңды сақтайтын, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтын, қоғам алдындағы жауапкершілігі мол азамат етіп қана емес, өзін-өзі заң жүзінде қорғай алатын сауатты азамат етіп тәрбиелеуге басымдық беріледі.
СНХ: ӘЛИХАН АМАНЖОЛ, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Қазіргі таңда тек қана біздің жастарға емес, ересек адамдарға көбінесе алаяқ жағдаяттар кездеседі. Сондай алаяқтардан сақ болу үшін біз осындай тренингтер өткізуіміз қажет, сауаттылығымызды арттырып, осындай жағдайларда біз қандай шешім қабылдау керек екендігімізді білуіміз қажет.
СНХ: АЗЕЛЬ САПАРҒАЛИЕВА, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Біз «Құқық негіздері» мен «Заң және тәртіп» эллективті сабақтарға қатысамыз. Құқық бағытында әртүрлі олимпиадалар мен конкурстар өткізіледі. Мен «Құқық негіздері» пәнінен мектепішілік және қалалық жарыстарына қатысып 1-ші орын иелендім. Бұл мен үшін үлкен жетістік болды және осы пәнге деген қызығушылығымды арттырды. Менің ойымша заңды құрметтеген өз ісіне жауапкершілікпен қараған жас, өзінің болашағында, елінің болашағын да пайдалы әрі дұрыс қалыптастырады.
РКС: Білім, баланың болашағына бастайтын басты баспалдақ. Сондықтан бүгінгі мектеп оқушысына тек оқулықтағы білімді меңгеру жеткіліксіз. Өз құқығын білетін, заңды құрметтейтін, қауіпсіздік ережелерін сақтайтын әрі кез келген жағдайда жауапты шешім қабылдай алатын азамат қалыптастыру заман талабы.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ