Көкшетауда жас полицейлердің слеті өтті
ДИКТОР: Көкшетауда қызмет жолын енді бастаған полицейлердің дәстүрлі облыстық слеті өтті. 33 жас маман үшін бұл күн кәсіби жолының басталуы болды. Олар ант қабылдап, тәжірибелі тәлімгерлермен және ішкі істер қызметінің ардагерлерімен кездесті. Жиын барысында үздік тәлімгерлерге құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
РКС: Ант қабылдаған жас сарбаздардың қатарында учаскелік және патрульдік полиция қызметкерлері, жедел қимылдайтын арнайы жасақтың сарбаздары, сондай-ақ әкімшілік қызмет өкілдері бар. Жас мамандарды Полиция департаментінің алғашқы басшысы, полиция генерал-майоры Нұрсұлтан Мұқашев құттықтап, оларға қажыр-қайрат, кәсіби шеберлік және қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруды тіледі. Слеттің маңызды бөлігі – жас қызметкерлердің тәжірибелі тәлімгерлермен кездесуі. Жиын барысында аға буын өкілдері өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға ақыл-кеңестерін жеткізді. Іс-шара қорытындысы бойынша «Үздік тәлімгер» атағына полиция подполковнигі Ерназар Тасымов ие болды. Қызметтік міндеттерін нәтижелі атқарып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына елеулі үлес қосқан тәлімгерге диплом, марапаттық жалауша және естелік мүсінше табысталды.
СНХ: ЕРНАЗАР ТАСЫМОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгінгі күнде тәлімгер болып келем. Аға инспектор, автокөлік инспекторының қараған сағатының. осымен бүгінгі күнде тамыз айының бастап, бүгінгі күнде тәлімгерлік жұмыс істеп атқарып келем. Бүгінгі күнде өздік тәлімгердің есім алып отырмын, марапаттамасын, сондай жағдай, өзінің істеген еңбегінің арқасында. Ең бір, жаңадан келген қызметкерге тәлімгер міндетті түрде керек. Әрбір қозғалысы, әрбір міндеттерін бәрін жеке өзі түсіндіріп, айтып, әрбір жұмыс бағыбы бойынша бізде қалай білгенімізді үйретеміз. Және де әр маманға кәсіби nesін жаңарту үшін, жоғарылату үшін мамандығын.
РКС: Ерназар Тасымов жас қызметкер Аңсаған Харамен еңбек өтіліндегі тәжірибесімен бөлісті. Бірнеше ай бойын тәлімгер қамқоршысының қызметке бейімделуіне, алғашқы кәсіби кезеңнен өтуіне қолдау білдіріп, алған білімін тәжірибеде баянды етуге көмектесті.
СНХ: АНСАҒАН ХАРА, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКТОРЫ: Бүгін ант қабылдадым. Ары қарай халқыма, туған жеріме, Қазақстан Республикасына қызмет етемін деп уәде беремін. Сол жолда еңбек етемін. Маған мед комиссия өтуден бастап, қалай алғашқы первоначальное обучение-ға баруды, ол жерде не істеуді, өзіңді қалай ұстануды, әдеп кодексінен бастап, заңдар, конституция, құқық туралы керек мәліметтерді наставник берді. Соларға дайындалып, оқудың арқасында алғашқы оқу курсын да жақсы аяқтап келдік. Әрі қарай жұмыста да наставниктің көмегіменен қызметімді атқарамын деген ойдамын.
РКС: Қызметке енді ғана кіріскен жастар үшін бүгінгі күн салтанатты оқиға ғана емес, антпен бірге қабылдаған жоғары жауапкершілік екенін де ұғындырғандай. Алда әскери қызмет, кәсіби өсу және азаматтардың қауіпсіздігі мен заң күзетіндегі күнделікті тынымсыз жұмыс тұр.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ