Салалық кеңестің кезекті отырысы өтті
ДИКТОР: Мектепке дейінгі білім беру саласын лицензиялау, салық саласындағы өзгерістер, IT-компанияларға арналған мүмкіндіктер, сондай-ақ әлеуметтік жобалар — бизнес қызметі мен оның дамуына тікелей қатысты кең ауқымды мәселелер Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Білім беру және денсаулық сақтау салалық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды.
РКС: Күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі — келер жылдың 1 қаңтарынан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын міндетті лицензиялау енгізілуі болды. Жекеменшік балабақшалар үшін бұл жаңа талаптардың пайда болуын және оларға алдын ала дайындалу қажеттігін білдіреді. Алдағы өзгерістер мен олардың құқықтық аспектілері туралы «Қазақстандық «DARA URPAQ» қауымдастығы» бірлестігінің заңгері Сәкен Айсин айтып берді. Оның айтуынша, лицензиялау мектепке дейінгі ұйымдардың қауіпсіздік талаптарын сақтау, санитариялық нормаларды орындау, материалдық-техникалық жарақтандыру, кадрлармен қамтамасыз ету және балалар үшін толыққанды дамытушы орта қалыптастыру сияқты бірқатар талаптарға сәйкестігін көздейді.
СНХ: РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Кәсіпкерлер палатасы жанынан туризм, құрылыс, агроөнеркәсіп кешені, сауда, білім беру және денсаулық сақтау салаларын қамтитын жеті салалық кеңес құрылды. Мемлекеттік уәкілетті органдар бұл алаңдарды заңнамалық өзгерістерге қатысты түсініктемелер беру үшін пайдалана алады. Өз тарапымыздан біз бизнес қоғамдастығын толғандыратын мәселелерді осы отырыстарға шығарып, туындаған түйткілдерді шешу жолдарын қарастырамыз.//
РКС: Жоба қамтамасыз ету жүйесін құрумен қатар, істі болғандарды еңбекпен қамтуды ұйымдастыруды көздейді. Жобаның әлеуметтік маңызы — жұмыс арқылы адамдардың еңбек дағдылары мен тәжірибесін қалыптастырып, кәсіби ортамен байланысын сақтауға және қоғамға қайта оралуға дайындалуына мүмкіндік беруінде. Алдағы уақытта темір тордан босап шыққаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырып, әлеуметтік оқшаулану тәуекелін төмендетуге ықпал етуі мүмкін.
СНХ: ҚУАНДЫҚ КӨКЕН, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Сотталғандарды жұмысқа орналастыру, оларды қайта әлеуметтендірудің негізгі шарты болып табылады. Уәкілетті органдармен бірлесіп біз жеке бизнесті жоспарлы түрде тарта отырып, өндірістік базаны дамытуға ерекше көңіл бөлеміз, бүгінгі таңда облыстың қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 50-ден астам кәсіпкер жұмыс істейді. Оларда 800 сотталған жұмысқа орналасқан. Облыс прокуратурасы осы жұмыстарды үйлестіріп, жүйелі қадағалау жүргізеді.
СНХ: СЕРІК БҰЛАНОВ, «ЕҢБЕК-КӨКШЕТАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі күні 200-ден астам сотталғандар еңбекке бауланып, жұмыс істеп жатыр. Басты жұмыстары бұл тігін. Және темір цехы, болат цехы бар, солардың бәрінде жұмысі степ жатыр. Олардың табыс табуы, қарыздарын төлеуге бүгінгі күннің мәселесі. Әлі де жұмыс орнын ашу қазіргі жүз пайыз сотталғандарды баулу.
РКС: Талқылаудың тағы бір бөлігі салық салуға арналды. Бұл мәселе бизнестің күнделікті жұмысына, шығындарына және қаржылық жоспарлауына тікелей әсер етеді. IT-кәсіпкерлерді қолдау және Astana Hub ұсынатын мүмкіндіктер де талқыланды.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ