Негізгі Жаңалықтар Қоғамдық тәртіпті бұзған адам 15 тәулікке қамалды

Қоғамдық тәртіпті бұзған адам 15 тәулікке қамалды


ДИКТОР: Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті бұзған адам 15 тәулікке қамалды. Қосшы қаласында жергілікті полицияға сауда үйінде мас күйінде жүрген және өзін дөрекі ұстаған ер адам туралы ақпарат түседі. Полицейлер тәртіп бұзушыны ұстап, учаскеге жеткізді. Ер адамның жеке басын анықтады. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының 34 жасар тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен тәртіп бұзушы 15 тәулік мерзімге қамалды. Құқық қорғаушылар заң бұзушылыққа қарсы күресті «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалғастыратынын атап өтіп, тұрғындарды қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтауға шақырады.

Бөлісу