Өңірдің 5 ауданында ауыл әкімдері сайланды
ДИКТОР: Кеше өңірдің бес ауданында ауылдар мен ауылдық округ әкімдерін сайлауы өтті. Саяси науқан аясында 5 елді мекеннің жаңа басшылары анықталды. Біржан сал ауданындағы сайлау барысымен Тілшіміз Евгений Варанкин танысып қайтты.
РКС: Күні кеше Біржан сал ауданына қарасты Мамай ауылының әкімін сайлауы ұйымдастырылды. Сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7-де бастап, кешкі сағат 8-де аяқтады. Учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының сөзінше, дауыс беру ашық және заң талабына сай өтті.
СНХ: ЕРМҰРАТ ХОЙЧБАЙ, №255 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ақмола облысы Біржан сал ауданы Мамай ауылының №255 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша жалпы сайлаушылар саны 137. Соның ішінде қазіргі уақытқа дейін 50-ден астам адам өз таңдауын жасап, дауысын берді. Ауылымызда мүмкіндігі шеукеулі адамдар үйден дауыс беретін 5 адам. Ол кісілерге жағдай жасалған, өйткені ол кісілер үйден дауыс беру үшін өтініштерін берді. Сайлау бойынша 3 кандидат бар. Кандидаттар бұған дейін өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
РКС: Сайлау науқанына 5 аудандық және 10 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды. 5 округ бойынша өзін-өзі ұсыну арқылы 17 кандидат ұсынылды. Оның 15-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Дауыс беруге 8 мың 229 сайлаушының 1 мың 930-ы қатысты.
СНХ: АҚБАЯН НИСМЕЛДИНОВА, МАМАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Әр сайлау сайын отбасыларымызбен бірге дауыс беруге келеміз. Мамай ауылында мектеп ғимаратында өтіп жатады сайлауымыз. Сайлауда өз таңдауымызды жасаймыз. Сайлау өз мәресінде өтіп жатыр. Өз деңгейінде. Әр Қазақстан азаматы құқығы бар өзінің, таңдау жасайтын, өзінің міндеті бар дегендей. Келешегі үшін сайлауларда дауыс беруге тиісті деп ойлаймын.
РКС: Сайлау қорытындысы бойынша бес елді мекеннің жаңа әкімдері анықталды. Біржан сал ауданындағы Мамай ауылының әкімі болып Ардақ Мусин сайланды. Ол сайлаушылардың 70,93 пайыз дауысын жинады. Бұланды ауданындағы Қарамышев ауылдық округінің әкімі болып Қизат Хамзин 71,10 пайыз дауыспен сайланды. Есіл ауданындағы Двуреченск ауылдық округінің әкімі болып Валерий Русаков 88,58 пайыз, Жарқайың ауданындағы Далабай ауылының әкімі болып Серік Сұлтанов 75,65 пайыз, ал Целиноград ауданындағы Қоянды ауылының әкімі болып Хасамхан Хавджалел 82,15 пайыз дауыс жинап сайланды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ