Негізгі Жаңалықтар Прокуратура құны 5,8 млрд. теңгенің инвестжобасын қорғап қалды

Прокуратура құны 5,8 млрд. теңгенің инвестжобасын қорғап қалды


ДИКТОР: Ақмола облысының прокуратурасы кезекті инвестициялық жобаны қорғауға алды. Степногорск қаласында инвестор агроөнеркәсіптік саланы дамытуға 6 миллиард теңгеге жуық инвестиция салуда. Алайда серіктестік кедергіге тап болды. Жерді пайдалану құқығының мерзімі аяқталған, ал оны ұзарту мәселесі шешілмеген. 

ДИКТОР: Әкімшілік кедергі прокуратураның араласуынан кейін жойылды. Өндірістік шаһарда жобаны әрі қарай қаржыландыруға және іске асыруға қажетті жағдай жасалды. Айта кетейік, инвесторға Бөгенбай ауылдық округінен аумағы 2,5 мың гектар болатын жер телімі бөлінген. Мұнда серіктестік су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, суармалы алқап құруда. Заманауи суару жүйесі жергілікті шаруалардың өнімділігін едәуір арттырып, олардың ауа райына тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бейнебақылау қолданылады

ДИКТОР: Степногорск қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі режимдік жағдайдың қауіпсіздігін ерекше бақылауда ұстап отыр. Бұл мекемелерде заманауи технологиялар енгізілуде. Мекеме аумағында сотталғандардың қозғалысы электронды бейнебақылау және қолжетімділікті цифрлық басқару жүйесі арқылы реттеледі. Биыл материалдық-техникалық база жергілікті бюджет қаражаты есебінен нығайтылды. Мәселен, №5 мекемеде қолжетімділікті бақылаудың заманауи бейне-домофон жүйесі енгізілді. Сотталған адамға шығу қажет болған жағдайда, шақыру түймесін басады. Осыдан кейін кезекші бөлімнің қызметкері оны бейнебайланыс арқылы сәйкестендіріп, шығу мақсатын нақтылайды. Тек рұқсат берілгеннен кейін ғана есік ашылады. Сотталған адам өткен соң есік автоматты түрде жабылады. Мұндай жүйе сотталғандардың бақылаусыз қозғалуын болдырмауға, өткізу режимін күшейтуге және қызметкерлер мен нысанның жалпы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік бермек. 


Бөлісу