Негізгі Жаңалықтар Экологиялық заңнаманы бұзудың 84 дерегі анықталды

Экологиялық заңнаманы бұзудың 84 дерегі анықталды


ДИКТОР:Жыл басынан бері өңірде 50-ден астам экологиялық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 84 заң бұзушылық анықталды. 80 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Соның 63 миллион теңгедейі өндіріліп алынды. Тағы 13 миллион теңгеден астам қаражатты өндіріп алуға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал 865 мың теңге көлеміндегі бір айыппұл сот орындаушыларына жолданды. Қоршаған ортаны қорғау бағытында өңірде қандай шаралар қабылданып жатыр? Тілші айтсын. 

РКС: Экологтар заңсыз қоқыс орындарына ерекше көңіл бөледі. Ғарыштық мониторингтің көмегімен мамандар қалдықтардың заңсыз төгілетін аумақтары туралы ақпарат алады. Бұл деректер тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданады.

СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда Қазақстан Ғарыш Сапары ғарыштық түсірілімдер негізінде Ақмола облысында 272 заңсыз қоқыс орындары анықталса, жергілікті атқарушы органдардың қазіргі таңда берген мәліметі бойынша. 240 екісі, яғни 90 пайызы жойылды, алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын таба беретін болады, жалпы осы заңсыз қоқыс орындарының қалыптасуы, оны тиісті деңгейде жою жұмыстарын жүргізбегені үшін Ақмола облысының экология департаменті тарапынан 70 лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. 

РКС: Сонымен қатар, өңірдегі барлық су айдындары да тұрақты бақылауда. Зерттеу жұмыстары рұқсат етілген көрсеткіштердің, жоғарылау ықтималдығын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

СНХ: НИНА СЕДУНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Біз тұрақты мониторинг жүргізетін су айдындарының бірі Қопа көлі. Себебі, қаламызда орналасқан. Сонымен қатар, Аршалы ауданындағы Жалтыркөл көлі және Зеренді ауданындағы Айдабол көлі де тұрақты бақылауда. Қазір аталған су айдындарында рұқсат етілген көрсеткіштердің жоғарылағаны байқалған жоқ, себебі біз оларды үнемі бақылап отырамыз. Зерттеу барысында ең жиі тексерілетін көрсеткіш су. Ал топырақ өте сирек зерттеледі. Алайда қандай да бір төгінді орын алған жағдайда, мамандар оқиға орнына барып, сынама алады. Зерттеу барысында мұнай өнімдерінің бар-жоғы және олардың рұқсат етілген шекті концентрациядан асып-аспайтыны анықталады.

РКС: Департамент мамандары облыстағы жалпы экологиялық жағдайды тұрақты деп бағалайды. Мамандардың айтуынша, бұған қоршаған ортаға кері әсер ететін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар санының аз болуы себеп. Аймақта экологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу