Негізгі Жаңалықтар Ауданда дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып жатыр

Ауданда дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып жатыр


ДИКТОР: Облыстың елдімекендерінде медициналық көмек көрсетудің сапасы жыл санап артып келеді. Соңғы 2 жарым жыл ішінде өңірде 38 алғашқы медециналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі іске қосылды. Осы игі бастамаларға мемлекет тарапанынан 9 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, аудандарда дәрігерлік амбулаториялар мен дәрігерлік пункттер пайда болды. Қазір Сандықтау ауданына қарасты бірнеше ауылда құрылыс жұмыстары жалғасуда. 

РКС: Сандықтау ауданындағы Байдалы ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті әбден тозығы жетіп, жаңартылуды қажет етті. Мұнда тек осы ауылдың тұрғындары ғана емес, Веселовка ауылының және іргелес ауылдардың тұрғындары медециналық көмекке жүгінетін. Бүгінде бұл ауылда жаңа медициналық пункт бой көтерді. Мердігерлер фельдшерлік-акушерлік пунктті қолданысқа беруге дайындауда. 

СНХ: ЖІБЕК ОРАЗАЛИНА, ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРІ: Біздің және тұрғындардың қуанышына ортақ біз жаңа ғимаратқа көшеміз. Біздің мемлекетте барлығы халық игілігі үшін жасалып жатыр. Байдалы ауылының ауыл шаруашылығы өндірушілері де 2018 жылы бізге жедел жәрдем көлігін табыстаған еді. Бұдан бөлек бізге гематологиялық анализатор, америкалық автоматтандырылған аппарат, және биохимеялық жартылай автомат аппаратында сыйға тартты. 

РКС: Бүгінде облыста ондаған фельдшерлік-акушерлік пункт және медициналық пункттер жұмыс істейді. Бұл ауыл тұрғындарына облыс орталығына сабылмай-ақ тұрғылықты мекенжайы бойынша дер кезінде сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. 

СНХ: МӘДИНА СМАҒҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Сандықтау ауданында 3 нысанның құрылысы жалғасуда. Бұл Каменка мен Лесное ауылдарында 2 дәрігерлік амбулатория және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт Байдалы ауылында. Олар 4 мыңнан астам тұрғынды сапалы медицинамен қамтамасыз етеді. 

РКС: Медициналық пункттердің құрылысы облыстық бюджеттің есебінен жүзеге асырылуда. Олардың жалпы құны 1 млрд, 160 миллион теңге.  

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу