Негізгі Жаңалықтар Жол қауіпсіздігі-ортақ жауапкершілік

Жол қауіпсіздігі-ортақ жауапкершілік


ДИКТОР: Оқу жылы басталғалы қала көшелерінде мектеп оқушылары мен студенттердің қарасы көбейді. Бұл жол жүру қауіпсіздігін күшейтуді талап етеді. Мәселен, жыл басынан бері қозғалыс ережесін бұзған 17 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында жолды белгіленбеген жерден кесіп өту және жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіздік талаптарын сақтамау деректері бар. Жол-көлік оқиғалары мен балалар жарақатының алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 6 жедел-профилактикалық іс-шара мен 4 акция өткізілді.

РКС: Тәртіп сақшылары білім беру ұйымдарына іргелес аумақтардағы автомобиль жолдары мен көше-жол желілерінің жағдайын тексеріп, бүгінде 914 «Абайлаңыз, балалар!», 690 «Жаяу жүргіншілер өткелі», 500 «Максималды жылдамдықты шектеу» жол белгісі орнатылған. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 192 жасанды жол кедергісі орнатылып, 300-ден астам білім беру ұйымының маңына жол таңбасы қойылған. 

СНХ: СЕРІК ЕРҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: №6 мектептің жанында тұрмыз. Мына жерде жол ережесіне сай, барлық техно-құралдар орнатылған. Ең басты ол кедергі жол. Екі жақтан қолданған. Ең басты ол жүргізушілердің жол ережесін сақтау және жаяу жүргіншілерге жол беру. Сонымен қатар, таң ерте, түскі және кешкі уақытта жалпы білім беру мекемелерінің жанында тұрақты тұруда. Олардың жұмысы профилактикалық шара жүргізу және жорл көлік оқиғаларын болырмау. Бұл жұмыстарға шамамен 600 полиция қызметкері жұмырылды.  

РКС: Қыркүйектің 14-і мен 16-сы аралығында «Назар аударыңыздар, жаяу жүргінші!» акциясы өтіп жатыр. Оның негізгі мақсаты жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттырып, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өйткені жол ережесін сақтау, адам өмірін қорғаудың ең маңызды кепілі.  

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: АЛЕКСАНДРА НАУМОВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сондай-ақ, 7–9-сынып оқушыларынан құралған Жол қозғалысының жас инспекторлары тобы бар. Олар 1–4-сынып оқушылары арасында түрлі акциялар өткізіп, ақпараттық парақшалар таратады және балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Бұдан бөлек, Жол қозғалысының жас инспекторлары тобымен бірге мектеп аумағына шығып, «Назар аударыңыз, жүргізуші!» және «Мұқият болыңыз, жүргізуші!» атты акциялар өткіземіз. Акция барысында көлік жүргізушілерін жолда барынша мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда, әсіресе мектеп маңында, сақтық танытуға шақырамыз.

РКС: Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Бүгінде 185 нысанда жасанды жарықпен қамту, 76 нысанда жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, 124 нысанда автотұрақ орындары және 82 нысанда жол қоршаулары орнатылды. Сондай-ақ, 5 нысанда бағдаршам іске қосылды. Атқарылған жұмыстың бәрі жол-көлік оқиғаларының алдын алып, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өйткені жолдағы қауіпсіздігі ортақ жауапкершілік. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу