Негізгі Жаңалықтар Тасты-Талды ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Тасты-Талды ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды


ДИКТОР: Ауыл тұрғындары үшін өрт кезінде көрсетілетін көмек қолжетімді бола түсті. Жарқайың ауданының Тасты-Талды ауылында 264-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа пункт арнайы техникамен, қажетті құрал-жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді.

РКС: Ауыл тұрғындары үшін жедел көмек көрсету мәселесі аса маңызды. Өйткені әр минут санаулы болған кезде өрт сөндіру бөлімшесінің жақын орналасуы шешуші рөл атқаруы мүмкін.

СНХ: СӘНИЯ АҢДАМАСОВА, ТАСТЫ-ТАЛДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен осы ауылда тұрғынымын, өте қуаныштымын. Осындай бізде пункт ашылғанына. Істеп жатыр. Бірақ қазір күллісі жаңарып алып жатыр. Осындай қауіпсіз нәрселер аз болсын. Осы жұмыс істеп жатқан адамдарға, күллісіне денсаулық тілеймін. Осындай қауіпті жағдайлар аз болсын.

РКС: Мұнда жедел әрекет ету басты артықшылықтардың бірі. Бекет ЗИЛ-130 өрт сөндіру көлігімен жабдықталған. Сонымен қатар жұмыс істеу үшін жүргізушілер штаты жасақталды. 

СНХ: НЫҒМЕТ ЕЛТАЕВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Тасты-Талды ауылының аумағында өрт сөндіру бекетіне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл өрт сөндіру бекеті үш елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аталған елді мекендерде бір жарым мыңнан астам адам тұрады. Сонымен қатар Жарқайың ауданының аумағында тағы екі өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Оның бірі, Костычево ауылында. Ол 2 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Онда 800-ден астам тұрғын бар. Сондай-ақ, Шойындыбұлақ ауылында өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Өрт сөндіру бекеттері жергілікті атқарушы органдардың балансында және серіктестіктердің қаражаты есебінен жұмыс істейді.

РКС: Ғимараттың өзі жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жөндеуден өтті. Ал, Төтенше жағдайлар министрлігі техника, өрт сөндіру құрал-жабдықтарын, қажетті жабдықтар мен байланыс құралдарын ұсынды.

СНХ: ҚАНАТ САҒЫНБАЕВ, ЖАРҚАЙЫҢ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Біздің округымызда ашылған өрт сөндіру бекеті ашылғанына қуаныштымын. Көп пайда. Төтенше жағдай министірлігіне көп рахмет. 

РКС: Жаңа жасақтың әзірлігі бірден сыналды. Салтанатты рәсімнен кейін еріктілерге алғашқы шақырту түсті. Дала аумағында өрт шыққан. Өрт сөндіру тобы оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндірді.

ИНТЕРШУМ: 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу