Негізгі Жаңалықтар Бейіндік білімі жоқ адамдар it мамандығын игеруде

Бейіндік білімі жоқ адамдар it мамандығын игеруде


ДИКТОР: Бүгінде ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықты арнайы техникалық білімсіз де меңгеруге болады. Көкшетау қаласында бағдарламалау және жасанды интеллект дағдыларын тегін оқытатын «Tomorrow School» жобасы жұмыс істейді. Қазір мектепте студенттердің алғашқы легі білім алып жатыр.

РКС: Мектептің негізгі идеологиясы білім алуға ешқандай кедергінің болмауы. Мұнда оқу ақысы талап етілмейді, сондай-ақ IT саласында тәжірибенің болуы да міндетті емес. Басты талап студенттің өз мақсатына деген ұмтылысы. Сондықтан мектепте қатаң іріктеу жүргізіледі. Бағдарламалауды үйренуге шын ниетті адамдар ғана бұл кезеңнен өтеді.

СНХ: ДАНИЯР ӘБДІРАШИТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «TOMORROW SCHOOL» ӨҢІРЛІК ЖЕТЕКШІСІ: Қаржылық және құжаттық кедергілерді алып тастадық, тек табандылыққа байланысты кедергілерді ғана қалдырдық. Төрт апталық іріктеуден барлығы бірдей өте бермейді. Бұл іріктеуден өтетіндерге деген адалдығымыз. Мектептің үш міндеті бар. Бұрын IT мамандарын іздемеген жерлерден IT саласының таланттарын табу, әлемдік деңгейдегі әдістеме бойынша бағдарламашыларды даярлау және оларды еңбек нарығына шығару. Бұл – мемлекеттік жоба. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаны Astana Hub экожүйесіндегі Alem AI Foundation қоры іске асырады. Көкшетауда кампус ретінде Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің алаңы таңдалды.

РКС: Бірінші легінде 76 адам білім алып жатыр. Олардың 91 пайызының бейінді IT білімі жоқ. Студенттердің жартысынан көбі Көкшетауға Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан арнайы келген. Білім алушылардың жасы 18 бен 53 аралығында. Оқыту инновациялық халықаралық әдістеме негізінде жүргізіледі.

СНХ: ДАНИЯР ӘБДІРАШИТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «TOMORROW SCHOOL» ӨҢІРЛІК ЖЕТЕКШІСІ: Бұл модельдің басты ерекшелігі мұнда дәрістер, оқытушылар және бағалар жоқ. Студенттер нақты жобалармен жұмыс істей отырып, бір-бірінен үйренеді. Жобалар индустрия талаптарына сай келеді, ал әр студент өз қарқынымен білім алады. Бұл өңір үшін маңызды. Негізінде, мектепке облыста тапшы оқытушылар мен бағдарламашылардан құралған штат қажет емес. Кампус, платформа және менторлар болса жеткілікті. Бұл біздің әдістемеміз емес. Осы жүйе бойынша әлемдегі IT мектептерінде – Францияда, Англияда, Эстонияда, Финляндияда, Бахрейнде, Грекияда, Кенияда, Мароккода және Қазақстанда да білім алады.

РКС: Tomorrow School студенттері бүгінде нақты практикалық тапсырмаларды орындап жатыр. IT кампусының алғашқы түлектері екі жылдан кейін еңбек нарығына шығады. Негізгі оқу курсы 18 ай. Тағы жарты жыл бойы қатысушылар белгілі бір мамандану бағыты бойынша білім алады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу