Әлеуметтік қолдау - аз қамтылған отбасыларға көмек
ДИКТОР: Сандықтау ауданында аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 25 миллион теңгеден аса қаржы бағытталды. Жыл басынан бері 27 отбасы, яғни 118 адам қолдау тапты. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда кірістердің өсуінен және белсенді жұмыспен қамтуға көшуден қысқарды.
РКС: Любовь Лощинина - бес баланың анасы. Отбасы 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алады. Бүгінде ол бала тәрбиелеумен қатар, өзін кәсіпкерлікте де тапты. Өткен жылы оған тігін шеберханасын ашу үшін 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант берілді. Ол алған қаражатын өз ісін дамытуға жұмсады.
СНХ: ЛЮБОВЬ ЛОЩИНИНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Бұл үшін мен мемлекетімізге өте ризамын, өйткені бес баланы киіндіріп, тамақтандыру өте қиын. Жақсы табыс болса да - бұл мемлекеттен үлкен көмек. Менің балаларым тегін тамақтанады. Балабақшаға тегін бардық. Өткен жылы мен жұмыспен қамту орталығында оқып, өз бизнесімді ашуға өтініш бердім. Маған 1,5 миллионға грант мақұлданды, оны алып, ақшаны игеріп, есеп беріп, өз кәсіпорнымды аштым.
РКС: Атаулы әлеуметтік көмек - аудан тұрғындары үшін қолдаудың жалғыз түрі емес. Биыл қосымша көмекке мұқтаж азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдерге 54 миллион теңгеден аса қаржы бөлінді. Мемлекеттік көмекті 600-ге жуық адам алды.
СНХ: СВЕТЛАНА СТЕПАНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жыл басынан бері бізге 598 өтініш беруші жүгінді: өрттен зардап шеккендер, туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және иммун тапшылығы вирусымен ауыратындар. Сондай-ақ, санаторлық-курорттық емделуге жолдамалардың құнын өтеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі және Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне, халықаралық әйелдер мерекесіне 7-ші және 9-шы мамырға, Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне, Семей ядролық полигонының жабылуына және қарттар күніне төлемдер қарастырылған.
РКС: Сонымен қатар, ауданда мүгедектігі бар жандарға да көңіл бөлінуде. 113 адам техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге өтініш берді. Бүгінде мемлекеттің әлеуметтік көмегі азаматтарды жұмыспен қамту, оқыту және өз ісін дамыту арқылы өз жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.