Негізгі Жаңалықтар Қопа көліндегі судың сапасына мониторинг жүргізілді

Қопа көліндегі судың сапасына мониторинг жүргізілді


ДИКТОР: Күнделікті өмірде судың түсін көріп, мөлдірлігін бағалап, иісін сезе аламыз. Бірақ судың қаншалықты таза екенін түсіне қарап айыру мүмкін емес. Бүгін - Дүниежүзілік су сапасының мониторингі күні. Дәстүр бойынша бұл күні жергілікті су қоймаларынан сұйықтық үлгілері алынып, тексеріледі. Бұл күні Қопа көлінің сапасы да тексерілді.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Бір қарағанда - кәдімгі су. Көлге қарап, су айдынының сапасын түсіну мүмкін емес. Сондықтан Қопа көлінен үнемі сынамалар алынады. Мамандар іріктеу орнын белгілейді, алғашқы өлшеулерді тікелей жағада жүргізеді, содан кейін үлгілерді Астана зертханасына жібереді.

СНХ: ГАЛИНА КАРАЛАШ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Қопа көлінің сапасына ай сайын, мамырдан бастап қазанға дейін, әр айдың 10-ына дейін мониторинг жүргіземіз. Сынама алынғаннан кейін, ол бізде консервіленеді және Астана қаласының зертханасына жіберіледі, онда 26 физикалық-химиялық көрсеткішке талдау жүргізіледі. Мониторинг кезінде нақты алынған сынаманың құрамы, деректері көрсетіледі және біз бірнеше жыл ішінде көлдің қалай өзгергенін қараймыз. Мысалы, Қопа көлі бойынша соңғы үш жылда сапалық құрам айтарлықтай өзгерген жоқ.

РКС: Қопада көп уақыт өткізетін қарапайым тұрғындардың да көлдің жағдайы туралы өз бақылаулары бар. Балықшылар көлдің көлемі қалай өзгергенін, балықтың қандай түрлерінің кездесетінін және жағалау мен судың қаншалықты таза екенін байқайды. Артем Миронов бұл хоббимен 2020 жылдан бері айналысады. Оның айтуынша, жағдай өзгерген. 

СНХ: АРТЕМ МИРОНОВ, БАЛЫҚШЫ: Бұған дейін көлде балық көп болған жоқ. Ал қазір сәл көбейген. Копаға балық аулауға келген кез-келген адам, тіпті бірден келіп, бірнеше балық аулап жатады. Ертеректе олай болмайтын.

РКС: Көлде балықтың болуы судың сапасы жақсы дегенді білдірмейді. Балық санына бірнеше фактор әсер етеді – азықтың болуы, су қоймасының көлемі және кей көлге үнемі балық жіберіліп отырылады. Сондықтан су қоймасына тек арнайы зерттеулер ғана объективті баға береді. Сол жерде сарапшылар температураны, иісін, мөлдірлігін, ерітілген оттегінің құрамын тексереді. Зертханада көрсеткіштер тізімі едәуір кең - онда судың химиялық құрамы мен әртүрлі ластаушы заттардың болуы зерттеледі. 

СНХ: САЯГҮЛ ЖАПАРОВА, ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Судың сыртқы түрі бойынша, әрине, сапасын анықтау мүмкін емес. Ол таза ма, қаншалықты қауіпсіз? Әрине, онда судың түсі, мөлдірлігі, иісі сияқты органолептикалық қасиеттері бар. Олар судың жай-күйі туралы ақпарат бере алады. Су таза, мөлдір көрінгенмен, бірақ онда еріген химиялық заттар мен микроорганизмдер болуы мүмкін. Сондықтан судың жай-күйі туралы объективті бағалауды зертханалық талдау жүргізілгеннен кейін ғана бере алады.

РКС: Қопа қала ішінде орналасқан, сондықтан көлдің жай-күйіне қоршаған аумақ та әсер етеді. Ықтимал факторлардың арасында - жер үсті және жауын сулары, коммуналдық-шаруашылық жүктеме, ластанудың жиналуы, сондай-ақ тайыздану, өсу және эвтрофикация бар. Сондықтан мониторинг - бұл бір реттік тексеру емес, ондаған көрсеткіштерді үнемі қадағалау отыру. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу