«ART BURABAY: шабыт кеңістігі» шығармашылық көрмесі
ДИКТОР: Облыстық әдебиет және өнер музейінде «ART BURABAY: шабыт кеңістігі» атты көрме ашылды. Экспозицияға Бурабай өңірінен келген 7 суретшінің шығармалары қойылды.
РКС: Шығармашылық бірлестік 2013 жылы құрылған. Бүгінде оның құрамында тәжірибелі суретшілермен қатар жас қылқалам шеберлері де бар. Өнер иелерінің жасы мен кәсіби бағыттары әртүрлі болғанымен, барлығын ортақ шығармашылық идея біріктіреді. Ұжымның негізгі бағытының бірі – стационарлық және экспресс-көрмелер ұйымдастыру. Суретшілердің өзге қалалардағы көрмеге қатысты тәжірибесі әзірге аса ауқымды емес. Дегенмен ұжым Көкшетауда бірнеше рет келіп отыр.
СНХ: МАРИЯ МЫЦЫК, «ART BURABAY» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгінгі көрме – шығармашылық бірлестігіміздің көркемдік палитрасының өзіндік метаморфозасы. Себебі көрмеге қойылған жұмыстар әртүрлі техникада және әртүрлі жанрда орындалған. Мұнда акварель, гуашь және майлы бояумен салынған туындыларды көруге болады. «Арт-Бурабай» суретшілерінің ұлттық тақырыпқа әртүрлі қырынан қарағанына назар аударуға болады. Әр суретші бұл тақырыпты өзінше интерпретациялап, өз шығармашылығы арқылы жеткізеді.
РКС: Экспозицияны көруге келген қонақтар туындыларды тамашалап, суретшілердің шығармашылық жолына да назар аударды. Әсіресе жас қылқалам шеберлерінің еңбектері көрерменнің қызығушылығын тудырған.
СНХ: ДУЖАН МАҒЗҰМОВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ертерек келіп қарап шықтық. Жұмыстардың деңгейі жоғары. Арасында таныс аты-жөндер де бар екен. Осы жердегі көрмеге қатысып отырған суретшілердің көбі жас суретшілер. Жас буын. Олар кезінде біздің Көкшетаудың университетінде оқыған. Ол кезде мен сонда жұмыс істегенмін. Өз алдымда оқыған балалар бар екен. Мен өте қуаныштымын. Шеберлік деңгейлері жоғары. +скл+Оның арасында Рашид ағамыздың жұмыстары бар. +скл+Менің ойымша, қала тұрғындарына жақсы бір эстетикалық ләззат беретін, өздеріне бір қуат алатын көрме ұйымдастырылып жатыр.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени шаралар жергілікті суретшілердің шығармашылығын кеңінен танытып, олардың жаңа жұмыстарға деген ынтасын арттырады. Ал көрермен үшін бұл – өнер туындыларын тамашалап, отандық қылқалам шеберлерінің ізденісімен жақынырақ танысуға жасалған жағдай.
СНХ: НҰРБЕК НҰРАЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің міндетіміз бұл суретшілердің еңбегін барынша насихаттау, елге әйгілі ету, көрсету, жұмыстарына шабыт беру, жандандыру. Оқу жылы басталды, студенттер, колледж студенттері, жоғары оқу орны студенттері, көкшетау халқы соңғы кездері, көпшілік қауым көп келіп жатады мында. Біздің қаладағы бірден бір кәсіпқой көрме залы болғандықтан, халық та біздің көрмеге ағылып, көрмені тамашауға келеді.
РКС: «ART BURABAY: шабыт кеңістігі» көрмесі Әдебиет және өнер музейінде бір ай бойы көпшілік назарына ұсынылады. Жергілікті шеберлердің жұмысын осы уақыт аралығында кез келген адам тамашалай алады.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ