100 курсант әскери ант берді
ДИКТОР: Биыл Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясын 100-ден астам жас құтқарушы тәмамдап, азаматтық қорғау органдарының қатарына енді. Ал өткен сенбіде академияның бірінші курс курсанттары салтанатты түрде әскери ант берді. Салтанатты шараға тілшіміз Евгений Варанкин қатысып қайтты.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Бүгін Абылай хан алаңында жүз жас курсант үшін маңызды кезең басталды. Мәлик Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының бірінші курс курсанттары Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде әскери ант берді. Әскери ант – бұл жай ғана рәсім емес, жас құтқарушылардың ел мен халық алдындағы жауапкершілік. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов арнайы келіп, жас құтқарушыларды атаулы күнмен құттықтады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МҰРАТ МҰХАНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Ант қабылдау әр курсант үшін маңызды сәт және міндетті талап ететін қасиетті парыз. Бүгіннен бастап әр қадамдарыңыз бен іс-әрекеттеріңіз тәртіп пен жоғары жауапкершілікпен және Отанға деген шынайы сүйіспеншілікпен ұштасуы қажет. Академия қабырғасында алатын терең білімдеріңіз бен кәсіби дағдыларығыз алдағы уақытта кез-келген қауіп-қатерге қарсы тұрып, кәсіби маман болатындарыңызға кәміл сенемін.
РКС: Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында болашақ мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда заманауи оқыту технологиялары енгізіліп, зертханалар мен оқу полигондары жұмыс істейді. Қазір білім ордасының жаңа корпусы да салынып жатыр. Бұл – курсанттардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Салтанатты шара барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов те жас курсанттарға тілегін жеткізді.
СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сіздер азаматтық қорғау саласының маманы болуды таңдадыңыздар. Бұл батылдықты, кәсіби шеберлікті, төзімділікті мен тәртіпті талап ететін абыройлы мамандық. Қиын сәттерде адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау – үлкен жауапкершілік. Бүгінгі ант қабылдау рәсімі өмірлеріңіздегі жаңа кезеңнің бастауы. Ант – өз еліне, халқына адал қызмет етуге және кәсіби борышыңды абыроймен атқаруға берілетін серт. Осы қуанышты сәтте ата-аналарға ерекше алғысымды білдіремін.
РКС: Бірінші курсқа қабылданған жас курсанттар үшін әскери ант – кәсіби жолдағы алғашқы маңызды қадам. Олардың қатарында құтқару және әскери салаға бала кезінен қызығушылық танытып, болашақ өмірін азаматтық қорғау қызметімен байланыстыруды мақсат еткендер бар. Айта кетейік, 100 курсанттың сегізі – қыз.
СНХ: СӘНИЯ ӘУБӘКІРОВА, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ КУРС КУРСАНТЫ: Бұл оқу орнына түсу себебім – әскери және құтқару салаларымен тығыз байланысты болғаным. Бұл сала маған өте жақын. Сондай-ақ, өмірімді құтқару қызметымен байланыстырып, халыққа, елге қызмет еткім келеді. Академиямыз азаматтық қорғау саласының офицерлерін даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны.
СНХ: ҰЛТАН ХАЛХАЙТАН, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ КУРС КУРСАНТЫ: Бұл академияны таңдаған себебім – бұл академия Орта Азияда ең мықты офицерлерді дайындайтын мықты оқу орындарының бірі, және де бұл оқу орнын бала күннен бері таңдаған мықты оқу орындарының бірі. Бұл жақта офицерлер мен курсанттар өте білімді әрі тәрбиелі мықты дайындалған.
РКС: Әскери ант берген жас курсанттар енді оқу-жаттығу кезеңіне кіріседі. Алдағы жылдары олар азаматтық қорғау саласының қыр-сырын меңгеріп, төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою бағытында кәсіби дайындықтан өтеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ