Негізгі Жаңалықтар Науқастарды қабылдауда жаңа ережелер енгізілді

Науқастарды қабылдауда жаңа ережелер енгізілді


ДИКТОР. Биылғы жылғы тамыздың үшінен бастап елімізде науқастарға амбулаториялық қабылдау жүргізетін емханаларға жаңа ереже енгізілді. Бұл пациенттердің қажетті тексерістері мен кеңестерін жылдам алуына ықпал ететін болады. Толығырақ тілшіміз баяндайды. 

РКС. Бұл жаңашылдықтың ең бастысы, енді тар бейіндегі мамандар пациенттерді өз еркімен қосымша тексерістерден өтіп, басқа дәрігерлерден кеңес алуына жібере алатын болады. Яғни бір ғана дәрігер бірден үш маманға жолдама бере алады. Тағы бір ерекшелік, жаңа ережеге сәйкес дәрігер өздігінен екінші қайтара науқасты қабылдауға оны терапевтке жібермей-ақ жолдама бере алады.

СНХ ЖАНСАЯ ПЕРНЕБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұрындары бейінді мамандарға терапевт арқылы жолдама алатынбыз, қазір барлығы жеңілдеді. Қазір гинеколог врач арқылы бейінді мамандарға жолдама алуға болады. Бұрындары терапевтің уақытын күтіп, одан кейін бейінді мамандардың уақытын күтесің, қазір гинекологка келіп, бірден мамандарға баруға болады.

РКС. Бұл ережелер емханалардың жұмыстарына да өзгешеліктер әкеледі. Енді медицина мекемелері дәрігерлердің қабылдау кестесін 60 күнге бірден жариялауға міндетті болады және кестеде өзгерістер болып жатса, бірден түзетуге тиіс. Бұрын мұндай қолжетімділік тек жеті күнге ғана берілетін.

СНХ АЙДАНА ӘБСАТТАРОВА, АКУШЕР – ГИНЕКОЛОГ: Жүктілік анықталғаннан кейін әйелдер учетқа тұруға келген кезде Денсаулық сақтау министрлігінің 92 приказына сәйкес біз бүкіл анализдерге направление береміз және узкий специалистерге. Олар өтіп келгеннен кейін анализдерінде қандай да бір патологиялар болатын болса, біз бұрын терапевтер арқылы узкий специалистерге жіберетінбіз, қазір үшінші тамызда шыққан заңға сәйкес, өзіміз жібереміз. Бұл өте тиімді және уақытты үнемдейміз. Бірінші терапевтке записьті күтетін, одан узкий специалистерге запистьі күтетін, ол бізде бір –бір жарым ай уақытты алатын. Учетқа тұрғанша он апта болатын болса, специалистерді өткенше 20-25 аптаға дейін кетіп қалатын. Біз өзіміз КМИС арқылы кардиолог, эндокринологқа болса өзіміз жібереміз. 

РКС. Пациенттерді қабылдау уақытының нормативтеріне де өзгерістер енгізілді. Мысалы, маманның кеңесін алу уақыты 20 минут болуы тиіс, ультра дыбыстық зерттеу ¬ 20 минут, ал бастапқы қабылдау уақыты 30 минутқа дейін ғана созылуы керек. Ал әр дертке қатысты зерттеу мен кеңес алу тек клиникалық хаттама шеңберінде ғана жүзеге асатын болады.  

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу