Негізгі Жаңалықтар Қазақстандықтардың 72,3% пайызы жаңа Құрылтай үшін дауыс беруге дайын

Қазақстандықтардың 72,3% пайызы жаңа Құрылтай үшін дауыс беруге дайын


ДИКТОР: Қазақстандықтардың басым бөлігі алдағы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысуға дайын. Қоғамдық саясат институты жүргізген ұлттық сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 72,3%-ы дауыс беруді жоспарлап отыр. Сауалнамаға қатысқандардың 89,4%-ы Құрылтай сайлауы туралы білетінін айтқан. Оның ішінде 55,2%-ы сайлау жайлы толық ақпаратқа ие болса, 34,2%-ы бұл туралы естігенімен, егжей-тегжейін білмейтінін жеткізген. Хабардарлық деңгейі әсіресе жасы үлкен азаматтар мен ауыл тұрғындары арасында жоғары. Зерттеу нәтижесі халықтың сайлау туралы хабардарлығы жоғары екенін көрсетті.

КЕСТЕ МӘТІНІ: Ал азаматтардың 72,3 пайызы жаңа Құрылтай сайлауына қатысуға дайын. Сайлауға қатысуға ниетті азаматтардың электоралдық таңдауы бойынша «Әділет» партиясы алда келеді. Партияны қолдау деңгейі 36-60 жастағы респонденттер, ауыл тұрғындары арасында жоғары екені байқалады.Сауалнама мәліметінше, сайлауға қатысуға ниетті азаматтардың 87,6%-ы биылғы 15 наурызда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға да қатысқан. Бұл елдегі негізгі саяси науқандарға тұрақты қатысатын электораттың қалыптасқанын көрсетеді. Сайлауға қатысуға ниетті азаматтардың электоралдық таңдауы бойынша «Әділет» партиясы алда келеді. Аталған партияға респонденттердің 67,3%-ы дауыс беруге дайын екенін білдірді. Одан кейін 6,2 пайызбен «Ауыл» партиясы, кейін «Республика», «Ақ жол», ЖСДП, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ» партиясы орналасқан. 

КЕСТЕ: 

• Сайлау туралы хабардар – 89,4%

• Толық ақпаратқа ие – 55,2%

• Естіген, бірақ толық білмейді – 34,2%

• Құрылтай сайлауына қатысуға дайын – 72,3%

• Республикалық референдумға қатысқандар – 87,6%


Бөлісу