Негізгі Жаңалықтар Жеңіске жетелейтін психология

Жеңіске жетелейтін психология


ДИКТОР: Спорттағы жеңіс тек физикалық дайындыққа ғана байланысты емес. Көп жағдайда шешуші сәтте спортшының психологиялық дайындығы нәтижені анықтайды. Қысымға төтеп беру, өзіне сену, эмоцияны басқару – мұның барлығы спорттық психологияның негізгі бағыттары. Осындай спорттық психолог Ләззат Досымбекова бүгінде «Көкше Арена» спорт кешенінде жұмыс істейді. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Қазіргі спортта жоғары нәтиже көрсету үшін спортшының дене дайындығымен қатар психологиялық дайындықтың да маңызы зор. Спорттық психолог спортшыға жарыс алдындағы қобалжуды жеңуге, зейінін шоғырландыруға және сенімділігін арттыруға көмектеседі. 

СНХ: ЛӘЗЗАТ ДОСЫМБЕКОВА, «КӨКШЕ АРЕНА» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ СПОРТ ПСИХОЛОГЫ: Спорттық психология – үнемі күйзеліс жағдайында жұмыс істейтін спортшыларға арналған сала. Спортшы тәулік бойы үлкен жауапкершілік пен психологиялық қысымда жүреді, жиі оқу-жаттығу жиындарына және жарыстарға қатысады. Психология осындай күрделі жағдайларда жұмыс істеуге көмектеседі. Әсіресе халықаралық жарыстарда өнер көрсету кезінде немесе еліміздің туын көтеріп шығу сияқты үлкен жауапкершілік жүктелген сәттерде спортшыға психологиялық қолдау аса қажет.

РКС: Спорттық психология әлемдік спортта әлдеқашан дәлелденген тиімді бағыттардың бірі. Бүгінде психологтар тек жарыс алдында ғана емес, жаттығу кезеңінде де спортшылармен тұрақты жұмыс істейді. Психологтар спортшыларға мақсат қоюға, эмоцияны басқаруға, күйзелістің алдын алуға және команда ішіндегі қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі.

СНХ: ОЛЖАС ӘШІМОВ, «КӨКШЕ АРЕНА» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ КҮРЕСТЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Спорттық психолог, әрине, керек. Маңызды оның жұмысы. Олсыз болмайды. Көмегі – жарыстың алдында, Қазақстан чемпионатында, біріншілігінде балаға алдын-ала психологический дайындық керек. Разгрузка жасауға, настройын дұрыстап, проблемдарын бәрін шығарып, бізде психолог жұмыс істейді спортшыларымызбен. 

РКС: Спортшылардың айтуынша, психологпен жүйелі жұмыс өзіне деген сенімділікті нығайтып қана қоймай, жарыс алдындағы қорқыныш пен артық толқуды азайтуға көмектеседі. Нәтижесінде спортшы бар назарын өз өнеріне немесе жарыстағы нәтижесіне шоғырландырады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу