Аймақта құс шаруашылығы дамып келеді
ДИКТОР: Ақмола облысы жұмыртқа өндірісін жылына 1 миллиард данаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа жету үшін өңірде бірнеше ірі инвестициялық жоба қолға алынған. Соның бірі Біржан сал ауданында салынып жатқан жаңа құс фабрикасы. Кәсіпорын келер жылы іске қосылып, жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіретін болады. Бастысы мұнда 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында нысанның құрылыс барысымен танысты.
РКС: 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қазгер-Құс» бүгінде еліміздегі алдыңғы қатарлы жұмыртқа өндірушілерінің бірі. Кәсіпорын жылына 260 миллион дана жұмыртқа өндіреді. Ал жаңа өндірістік алаң іске қосылса, бұл көрсеткіш 350 миллион данаға дейін артпақ.
СНХ: БОРИС ОЗДОЕВ, «ҚАЗГЕР-ҚҰС» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жобаны кеңейту жұмысы былтыр басталды. Биыл мамыр айында құрылысқа кірістік. Қазір алты құс қорасы, дезинфекциялық бөгет, сорғы станциясы мен әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы жүріп жатыр. Нысандардың бір бөлігін жыл соңына дейін аяқтап, кәсіпорынды 2027 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов мұндай жобалардың аудан экономикасына серпін беретінін атап өтті.
ИНТЕРШУМ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Это конечно как продовольственный пояс Астаны, программа идет, обеспечения жителей Астаны ну и в целом региона продукций птицеводства. Второе конечно рабочие места, доходность района и соблюдения здесь всех норм законодательства экологических требований. Тем более мы говорим в рамках децентрализаций, что каждый района должен зарабатывать весь КПН остается здесь, соцналог, налог на имущество, поэтому никто это не заберет, все доходы достанутся жителям Биржан сала. Все налоги пойдут на ремонт дорог и на другие цели. Поэтому чем больше будет производительность труда, сельское хозяйство, новые технологий , новые производства, новые рабочие места все это будет здесь.
РКС: Қазір аймақта жылына 137 мың тонна құс еті мен 700 миллион данаға жуық жұмыртқа өндіріледі. Ендігі мақсат - осы көрсеткішті 1 млрд данаға жеткізу. Осы мақсатта өңірде тағы бірнеше инвестициялық жоба қолға алынған.
СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сонымен қатар, облыста Астрахан ауданында жылына 120 млн дана репродукторлы жұмыртқа өндіретін үлкен жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Ол жоба жүзеге асқанда 520 тұрақты және 200-ден астам уақытша жұмыс орындары ашылатын болады. Бұдан бөлек, құс бағытындағы 3-ші жобамыз бар. Осы жобалардың нәтижесінде біз жылына 1 млрд дана жұмыртқа өндіруді көздеп отырмыз. Етті-құс бағытындағы жобамыз Макинск құс фабрикасы, сондай-ақ Целиноград, Аршалы аудандарында кішігірім орта шаруашылықтар бар етті бағыттағы. Бұл жоба бойынша да Астана қаласының азық-түлік белдеуі аясында біз қазір Астана қаласын жұмыртқамен 50 пайыз қамтамасыз етіп отырсақ, енді соны 80-ге пайызға дейін және құс етімен 100 пайыз Астана қаласын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз.
РКС: Өңірде мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Оның аясында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар құс шаруашылығының өндірістік әлеуетін күшейтіп, аймақтың бұл саладағы көшбасшылық орнын одан әрі нығайтпақ.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ