Ауылда негізгі әлеуметтік нысандар жаңартылды
ДИКТОР: Жарқайың ауданына қарасты Тасты-Талды ауылы әлеуметтік инфрақұрылым мен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, қарқынды дамып келеді. Жергілікті аграрийлердің қолдауы мен тұрғындардың бастамаларының арқасында мұнда негізгі әлеуметтік нысандар жаңартылуда. Ауылдың қалай өзгергені және оның тұрғындары үшін қандай мүмкіндіктер бар, тілшіміз тарқатсын.
РКС: Ауылдық амбулатория - әрбір тұрғын үшін ең маңызды нысанның бірі. Енді мұнда медициналық көмек алу ыңғайлы болмақ. Биылғы жазда ғимарат жаңартылды. Күрделі жөндеу жұмыстары жергілікті шаруалардың қолдауымен жүргізілді. Демеушілік көмектің арқасында амбулаториядағы жағдай толығымен өзгерді. Тасты-Талды ауылының тұрғыны Гүлнар Өксібаеваның пікірінше бұл тұрғындар үшін үлкен қуаныш, әрі дәрігерлерге жұмыс істеуге әлдеқайда ыңғайлы болмақ.
СНХ: ГҮЛНАР ӨКСІКБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Өте жақсы амбулатория. Қанша жылдан бері осында емделіп келемін. Үнемі қарсы алады, бәрін мұқият қарайды. Егер Державинск қаласына баратын болсам, онда дәрігерлерге ескертеді. Жұмыстары жақсы. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.
РКС: Амбулатория 7 іргелес учаскеге және 1750 жергілікті тұрғынға қызмет көрсетеді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандар да дәрігерлердің басты назарында. Жыл сайынғы міндетті тексеруден өтетін бір жасқа дейінгі 13 сәби мен 140 жасөспірім тұрақты бақылауда. Бұдан басқа, созылмалы аурумен ауыратын 240 пациент тұрақты диспансерлік тексеру және тегін емдеумен қамтамасыз етілген.
СНХ: ЛЮБОВЬ ХАДЖИМУРАТОВА, ДӘРІГЕР: Бұл типтік ғимарат. Акушер, егу, емшара кабинеттері бар. Сондай-ақ, бізде 5 орынға арналған күндізгі стационар жұмыс істейді, онда егде жастағы адамдар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем ала алады.
РКС: Ауылда өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлінеді. Тасты-Талды ауылындағы мектептің жанында «Айгөлек» шағын орталығы жұмыс істеуде. Ол 35 орынға есептелген және бүгінде 24 бүлдіршін келіп жүр. Әртүрлі жастағы балалар үшін екі топ ашылған. Орталықта балғындарға қолайлы жағдай жасалған. Жатын және ойын бөлмелері, асхана, кір жуатын орын, сондай-ақ мереке мен сабақтарға арналған кең зал бар.
СНХ: ЛЮБОВЬ ОСПАНОВА, «АЙГӨЛЕК» ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Біздің шағын орталығымыз - мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған заманауи жайлы кеңістік. Шағын орталықта ынтымақты ұжым жұмыс істейді. Әрбір қызметкер балаларды тәрбиелеу мен оқытуға үлес қосады. Мектепке дейінгі білім беруді дамытуда тәрбиешілер ерекше рөл атқарады.
РКС: Сондай-ақ, ауылда жаңартылған клуб ашылды. Жергілікті тұрғындар шаруалардың қолдауымен ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қазір мұнда мәдени орталық жұмыс істейді. Онда шығармашылық үйірмелер, вокалдық студиялар мен ересектерге арналған фитнес-топтар бар. Сондай-ақ мерекелік концерттер де осында өтеді.
СНХ: ГРИГОРИЙ БУДКО, АУЫЛДЫҚ КЛУБТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Өзіміздің ауылдық ауқымдағы іс-шараларды өткізіп жатырмыз. Белгілі бір даталарға арналған концерттер ұымдастырамыз. Біздің хор ауданда да бірнеше рет өнер көрсетті. Сондай-ақ, аудандық іс-шараларға балалар би ұжымдарымен барамыз.
РКС: Тасты-Талды ауылында кәсіпкерлік те белсенді дамып келеді. Елді мекеннің орталығында 30 орындық заманауи дәмхана ашылды. Мәзірге ұлттық және үй тағамдары, сондай-ақ фастфуд кіреді. Жаңа дәмхана отбасылық кездесулер, мерекелер және жергілікті тұрғындардың демалысы үшін сүйікті орынға айналды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ