Негізгі Жаңалықтар Аймақ басшысы Біржан сал ауданының тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы Біржан сал ауданының тұрғындарымен кездесті


ДИКТОР: Біржан сал ауданында алтын өндірісі қайта жанданып, жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асады. Бұл туралы аймақ басшысы Марат Ахметжанов аудан тұрғындарымен өткен кездесу барысында мәлімдеді. Бұған қоса, жиында аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы жоспарлар мен басым бағыттарды таныстырды.

РКС: Соңғы жылдары ауданның дамуы қарқын алған. Былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 15 пайызға өсіп, 50 млрд теңгеге жеткен. Ауданда дәнді және майлы дақылдар өндірісі ұлғайып келеді. Сонымен қатар Ақтас ауылында тоғыз жылдан бері пайдаланылмаған элеватор қайта жаңғыртылып жатыр. Қазір мұнда 40-тан астам адам еңбек етеді. Жоба тамыз айының соңында аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін тағы 70-тен астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ сағатына 120 тонна жемдік ұн өндіретін зауыт іске қосылады. Ауданды бірден бір дамыту жолы инвестиция тарту, өндіріс пен туризмді дамыту,-дейді аймақ басшысы. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет.   

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Басты мақсатымыз - жаңа кәсіпорындарды іске қосып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Әсіресе, мал шаруашылығы кешендерін ашып, мал басын көбейтуге және асыл тұқымды мал сатып алуға басымдық беріліп отыр. Бұл - Мемлекет басшысының бастамасымен ауыл шаруашылығына көрсетіліп жатқан бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Соңғы екі жыл бойы егін шаруашылығына жүйелі қолдау көрсетілді. Бүгінде соның нақты жемісін көріп отырмыз

РКС: Дегенмен ауданда шешімін күткен түйткілдер аз емес. Соның бірі - жолдың жайы.  

СНХ: СЕРІК ОМАРОВ, СТЕПНЯК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Асфальт жоқ. Степняктан кіреберістен, көшенің аяғына дейін асфальт жоқ. Бұл 2023 жылдан бері. Бұл сұрақтың шешімі қалай табылар екен.

РКС: Аталған көшеге асфальт төсеу жұмыстары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге аспақ. Ал өзге жолдардың жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Қазір республикалық маңызы бар Макинск-Ақсу-Торғай автожолының 31 шақырымы жөнделіп жатыр.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ауданда 4 жол отсыпкасын бастады, олар Ұйымшыл ауылына қарай кіреберіс жол 20 шақырым, Заураловка-Құдықағаш 20 шақырым отсыпкадан өтуде. Мақпал-Макинка 7 шақырым. Және Краснофлотское ауылына қарай 33 шақырым отсыпкадан өтуде. 

РКС: Бұған қоса, Степняктағы 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тұралап қалған. Салынып жатқанына 5-6 жыл болған. Осы уақыт ішінде бірнеше мердігер ауысқан. Қазіргі мердігер сақалды құрылысқа смета мен жоба арасындағы сәйкессіздік себеп,-дейді. Алайда облыс әкімі мұндай уәжді қабылдамай, үйді биыл аяқтауды талап етті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әрине бұлар сметаға сүйеніп, сылтау таба береді. Биыл үйді бітіру керек. Қаржы бар, бәрі бар. Керек болса, басқа мердігерді осы жерден өзім жіберем, егер сала алмайтын болсаңдар. Бір 20 пәтерлі үйге шамаларың келмесе, ауданды, облысты қалай дамытасыңдар. 

РКС: Өңірдің мәдени және туристік әлеуетін дамыту да назардан тыс қалған жоқ. Келер жылы Біржан сал ауданында халықаралық Біржан сал фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Жоба сал-серілердің мұрасын дәріптеп, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталмақ.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл сал-серілердің мекені. Тарихы мол. Сондықтан сіздердің қандай ұсыныстарыңыз болады, соны қабылдаймыз. Бүкіл салдар, жыраулар, сал-серілер жан-жақтан келіп, ән шырқайтын алаңға айналдырып, елді танымал етіп, паш ететін сондай үлкен мега жоба болады. 

РКС: Тұрғындар көтерген мәселелер бақылауға алынып, жауапты органдарға нақты міндеттеме жүктелді. Ендігі міндет - айтылған ұсыныстардың уақытылы орындалуы. Бұған халық та үмітті.

СНХ: СЕРІК ОМАРОВ, СТЕПНЯК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауылда қазір мәселелер жұмыс орнымен қамту, әлеуметтік жағдайымыз, жер,су деген мәселе бізде Степнякта тапшылау. Жаңа әңгіме қозғалып жатыр. Енді бұл мәселелер мемлекет тарапынан оң жолын береді деп сенемін. Бүгінгі қойылған мәселелердің шарттары, сұрақ-жауаптары мені өте қанағаттандырды. Конкретно айтылды, жақсы деген тарапта мен қабылдадым. 

РКС: Жиын соңында аймақ басшысы қалпына келтірілген үш қабатты тұрғын үйден 7 отбасыға баспана кілтін табыстады. Сондай-ақ өңірдің абыройын республикалық жарыстарда асқақтатып жүрген бір топ дарынды оқушы марапатталды.

ИНТЕРШУМ: 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу