Негізгі Жаңалықтар Кедергісіз дауыс беру

Кедергісіз дауыс беру


ДИКТОР: Көкшетауда алдағы Мәжіліс депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстары жалғасуда. Сайлау науқаны аясында әр азаматтың конституциялық құқығын толық әрі кедергісіз жүзеге асыруына ерекше мән беріледі. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі – сайлау учаскелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін тексеру. Қазір қалада арнайы мониторинг жүргізіліп жатыр.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Шаhарда сайлау кезінде қосымша қолдауды қажет ететін мүгедектігі бар 868 сайлаушы бар. Олардың қатарында тірек-қимыл аппараты бұзылған 309 азамат, көру қабілеті бұзылған 310 сайлаушы бар. 11-і Брайль қарпін қолданады.

ГРАФИКА: 868 – МҮГЕДЕКТІГІ БАР САЙЛАУШЫЛАР  

309 – тірек-қимыл аппараты бұзылған

310 – көру қабілеті бұзылған

11 – Брайль қарпін меңгерген 

РКС: Осыған байланысты сайлау учаскелерінде кедергісіз орта қалыптастыруға, арнайы құралдармен қамтамасыз етуге және дауыс берушілердің өз таңдауын еркін жүзеге асыруына мүмкіндік жасауға ерекше мән берілуде. Осы бағыттағы кезекті тексеріс №804 сайлау учаскесінде жүргізілді.

СНХ: ЭЛЬМИРА ҚҰЛАНОВА, №804 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Биыл учаскеде мүгедектігі бар 15 сайлаушы тіркелген. Олардың 5-інің көру қабілеті, 6-уының есту қабілеті бұзылған. Тірек-қимыл аппараты бойынша тіркелген адам бар. Сайлау учаскесі ғимаратқа кедергісіз кіруге мүмкіндік беретін жағдайлармен толық қамтамасыз етілген.+скл+Егер сайлаушының денсаулық жағдайы сайлау учаскесіне келуге мүмкіндік бермесе, ол өзінің тұрған жері бойынша дауыс беруге өтініш бере алады. Бұл жағдайда учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері заңнама талаптарын сақтай отырып, көшпелі дауыс беруді ұйымдастырады.

СНХ: ЕРКІН ҒАББАСОВ, МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ ӨКІЛІ: Мынау енді жаңа ғимарат болғандықтан бұл ғимаратта барлық стандарттар сақталған. Кабинкаға кіруге де, зайып жандар құлақтары естілмейтін, көздері көрмейтін жандарға бәрі қарастырылған. Микрафонлар да, лупалар да бар. Брайль арқылы таңдау жасайтын құрылғылар бар. Бәрі жақсы қарастырылған. Пандустар бәрі стандарт бойынша жасалған, биіктіктері, жайлылықтары жақсы.

РКС: Мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі әкім кеңесшілері институты аясында қолжетімділікке қатысты мәселелер тұрақты бақылауда. Инватакси қызметін ұйымдастыру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және өзге де шаралар бекітілген бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылып келеді.

СНХ: МҮСЛІМ СӘРСЕМБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ МҮГЕДЕКТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ: Сайлау күні қозғалысы шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін 8 арнайы көлік және 5 инватакси қызметі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Шанс» қоғамдық бірлестігі мен 7 ымдау тілі маманы қажетті қолдау көрсетеді. Осылайша, дауыс берушілердің еркін әрі кедергісіз таңдау жасауына мүмкіндік жасау бағытындағы қажетті жұмыстар қала әкімдігі тарапынан қамтамасыз етілуде. Мұндай шаралар Ақмола облысының барлық аумағында жүзеге асырылуда.

РКС: Қала бойынша 80 сайлау учаскесінің жұмысы ұйымдастырылған. 65 учаске тұрақты тіркелген мекенжай бойынша дауыс берушілерді қабылдайды. Ал 15 учаске уақытша тіркелген азаматтарға қызмет көрсетеді. Бүгінде тұрақты тіркелген азаматтарға қызмет көрсететін сайлау орнының 63-і тексерістен өтіп, заң талаптарына толық сәйкес екені анықталды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу