Негізгі Жаңалықтар Өңірде жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады

Өңірде жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады


ДИКТОР: Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар 14,5 мыңға жуық оқушы бар. Осыған орай өңірдегі мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері көптеп ашылды. Тек осы оқу жылының басында 10 жаңа кабинет жұмысын бастады. Жыл соңына дейін тағы 20-сын жабдықтау жоспарланған.

РКС: Торғын Қайырбекованың логопед ретінде 23 жыл жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тәжірибелі маманның айтуынша, инклюзияны қолдау кабинеттері психолог, дефектолог және әлеуметтік педагогтың бірігіп жұмыс істеуіне қолайлы. Себебі, оқу бағдарламасын алып кету үшін баланың психикалық қабілеттерін, яғни, зейіні мен есте сақтауын және логикалық ойын дамыту керек,-дейді.

СНХ: ТОРҒЫН ҚАЙЫРБЕКОВА, ЛОГОПЕД: Өкінішке қарай, соңғы кезде білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалардың саны ұлғайып келеді. Сондықтан олардың қоғамдық ортаға бейімделіп, әлеуметтенуі үшін осы кабинеттің маңызы зор болады деп ойлаймын. Оның үстіне оқу бағдарламасын жеңіл қабылдауына да көмек болады. Себебі, біз баланың зейінін, есте сақтау қабілетін және логикалық ойын дамытуға мән береміз. 

РКС: Инклюзияны қолдау кабинеті үш функционалдық аймаққа бөлінген. Баланың тынышталуына, эмоционалдық тепе-теңдігін қалпына келтіруіне бағытталған аймақ, монтессори және дамыту аймағы қажетті жабдықтармен қамтылған. 

СНХ: РОЗА БЕКІШЕВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің мектепте инклюзия кабинеті бірінші рет ашылып отыр. Бұл кабинеттің ашылуы оқушыларға мектеп ішінде үлкен жаңалық. Өйткені, біздің басты мақсатымыз әр оқушыға білім алуда тек мүмкіндіктер жасау. № 6 мектеп лицейінде ерекше білім қажеттілігі бар балалардың саны 46. Үш оқушы ассистент педагогтың көмегіне жүгінеді.

РКС: Мектептерде инклюзия кабинеттерінің ашылуына әсіресе ата-аналар қуанышты. Себебі, қажет мамандардың барлығы бір жерден табылып, баланың дұрыс дамуына оң ықпал етеді,-деп сенеді.  

СНХ: ЕРМЕК НҰРКЕЕВА, АТА-АНА: Бұрын мектепке дейін әр түрлі логопедтерге жүгініп, әр түрлі әлеуметтік жағдайын жақсарту, тілін дамыту орталықтарына барып едік, нәтиже шыға қоймады. Мектепке келгеннен бері менің балам жақсы тілін дамытып, сөйлеп жүр. Осы мектепте кабинеттің ашылуына қуаныштымын. Балалардың білімі бұдан да жақсарып, жақсы дамиды ғой деп ойлаймын. 

РКС: Көкшетаудағы 27 жалпы білім беретін мектептің 16-сында инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін облыс бойынша тағы 20 кабинет ашылады 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу