Тұтынушылар құқығын қорғау басты назарда
ДИКТОР: Былтыр өңірлік сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне азаматтардан 1005 арыз-шағым түскен. Оның тең жартысынан астамы бөлшек, 12 проценті электронды саудаға қатысты. Ұялы телефондар мен тұрмыстық техникаға интернет алаяқтарына тапсырыс беріп, алданғандардың шығыны 45 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.
РКС. Тұтынушылар тұрмыстық техника мен электрониканы төмен бағамен ұсынатын, бірақ жеткізуді ұзақ күтуді талап ететін интернет-дүкендерге көп алданады. Жылдың басынан бері ұялы телефондар мен тұрмыстық техникаға аударған ақшаларын кері қайтарып алуға көмек беруді сұраған 63 азаматтан өтініш түскен. Тауарлар уақытылы жеткізілмеген. Тұрғындар жұмсалған қаржысын қайтарып ала алмаған.
СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Айта кетерлігі, барлық шағымдардың 83 пайызы тұтынушылардың пайдасына шешілді. Соның арқасында оларға 58 миллион теңге көлеміндегі қаражат қайтарылды. Бұл Департаменттің шағымдарды жай ғана тіркеумен шектелмей, оларды шешу бағытында белсенді жұмыс істейтінін көрсетеді. Ең жиі кездесетін шағымдар автокөлік сату орталықтарына және жарнамаланған функцияларын әрдайым толық орындай бермейтін тұрмыстық техникаға қатысты болып отыр. Айта кетейік, кейбір көліктерді сатып алғаннан кейін ғана ақаулары байқалып жатады. Өкінішке қарай, нарықта өз өнімдерінің сапасына тиісті деңгейде мән бермейтін компаниялар әлі де бар.
РУСС://0020 важно отметить, что 83 процента из всех обращений были удовлетворены и мы оказали помощь в рамках компетенции потребителям в возврате 58 миллионов теңге. Это говорит о том, что Департамент не просто фиксирует обращения, а активно работает над их решением. Наиболее частые нарекания вызывают автосалоны, которые , увы продают автомобили с дефектами, проявляющимися уже после покупки, и бытовая техника, которая, не всегда выполняет заявленные функции. К сожалению, на рынке до сих пор встречаются компании, которые не уделяют должного внимания качеству своих товаров.
РКС: Департамент тарапынан халықты сауаттандыру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Алайда алданып жатқандар әлі де көп. Биыл 120 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл арқалаған. 109 бизнес субьектісі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына 15 пайыздан жоғары баға қойғаны үшін, 4 субьект тауар бағасы көрсетілмегені үшін, 11 субьект тұтынушы бұрышы болмағандығы үшін жауапқа тартылған.
СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Егер құқықтарыңыз бұзылса, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласудан тартынбау қажет. Біз өз құзыретіміздің шеңберінде құқықтарыңызды қорғауға, әрқашан көмектесуге дайынбыз. Келіп түскен арыз-шағымдарға жедел жауап береміз және әрбір тұтынушының өз мүдделерін қорғай алуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейміз. Біздің департамент Еркін Әуелбеков көшесі, 117-үй, 25-кеңседе орналасқан. Ақпарат алу және кеңес сұрау үшін 50-29-89 нөмірі бойынша «жедел желіге» хабарласыңыз.
РКС: Өңірде «Сапалы өнім» тұжырымдамасы іске қосылды. Ол сауда саясатын реттеу арқылы ішкі нарықты қорғау мен отандық өндірушіні қолдауға бағытталған. Осы кезге дейін мемлекеттік органдармен бірлесе 22 өнім түрі зерттелген. Оның барысында 9 заң бұзушыға хаттама толтырылып, айыпұл салынды. Өңірлік сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті қазанның 21-і мен 27-сі аралығында тауарды төмен бағамен ұсынатын «Republik Day» және «Bereke Fest» ауқымды шарасын өткізуді жоспарлап отыр.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ