Полиция қызметкерлері мен волонтерлер наркограффитиді анықтау бойынша рейд өткізді
ДИКТОР: Еш қиындыққа мойымай, тек алға ұмтылыңдар! Мемлекет басшысының жастарға айтқан бұл Үндеуі – әр саланың тетігін ұстаған ақмолалық жастардың өмірлік ұстанымына айналғандай. Көкшетаулық Данагүл Есжанова спортпен айналысқан 4 жылда парапауэрлифтингтен Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы атанып қоймай, әлем чемпионатында топ жарды. Ал отпен 19 жасынан арпалысып келе жатқан өрт сөндіруші мен балаларға қажетті медициналық көмекті жолға қойған жас ЛОР дәрігер туралы тілші материалында.
РКС: Қандай да бір шыңды бағындыру үшін қайтпас қайсарлық, табандылық керек. Парапауэрлифтингпен 2022 жылдан бері айналысатын Данагүл Есжанова осындай қағиданы ұстанады. Қаршадай өжет қыз 4 жылда Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы атанды. Бүгінде ел намысын әлемдік деңгейдегі додаларда қорғап жүр.
СНХ: ДАНАГҮЛ ЕСЖАНОВА, ПАРАПАУЭРЛИФТИНГТЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ЧЕМПИОНЫ: Спорт мен үшін сәттілік, жеңіс және жақсылыққа ұмтылу. Спорт арқылы мен мінезімді өзгерте алдым, алдыма мақсат қоюды үйрендім және биік белесті бағындыра алдым. Екі рет Әлем чемпионатына қатыстым. Оның бірінде халықаралық деңгейдегі спорт шебері атағын қорғадым. Алдағы мақсатым әлем чемпионы болу.
РКС: Данагүлмен бірге парапауэрлифтингпен 14 жасар Милана Варганова да айналысады. Қазақстанның күміс жүлдегері атанған жас спортшы болашақта ветеринар болғысы келеді.
ЕСТ ШУМ:
РКС: Өрт сөндіруші үшін әрбір шақырту асқан жауапкершілікті талап етеді. Абзал Темірбаев еңбек жолын небары 19 жасында бастаған. Жеті жылда талай мәрте тілсіз жаумен бетпе-бет келді. Сондай кезекті шақырту бірі оның бақытын табуына жол ашты.
СНХ: АБЗАЛ ТЕМІРБАЕВ, ӨРТ СӨНДІРУШІ: Өртті сөндіріп, кішігірім жарақат алып, дәрігерлерге жүгініп, өзімнің болашақ жарыммен танысқан болатынмын солай. Біреулер сүйіп қосылса, біз күйіп қосылық десе де болады. Президентіміздің қиындыққа мойымай тек қана алға ұмтыл деген үндеуі бар өрт сөндіру саласында өте қажетті сөздердің бірі деп есептеймін.
РКС: Самат Мәлімбай медициналық университетке түсерде ең жоғары бал жинап, Ақмола облысы әкімінің грантын ұтқан. Сөйтіп, алматылық жас маман облыстық балалар ауруханасына дәрігер болып келеді. Алайда, дәл сол кезде бөлімшеде жол көрсетіп, тәжірибесімен бөлісер бірде-бір ЛОР болмаған. Ол өзімен бір жылда келген әріптесімен білімдерін іс жүзінде дәлелдейтін үлкен жауапкершілікті арқалайды. Бүгінде ол балаларды емдеп, түрлі операцияларды сәтті жасап жүр.
СНХ: САМАТ МӘЛІМБАЙ, ЛОР ДӘРІГЕР: Ақылдасып, өзіміздің жүйені қалыптастырдық. Жаңа өзіміздің емдеу тәсілдерімізбен науқастарды емдеп бастадық. Бізге шұғыл науқастар түседі, сол науқасты аяғына дейін емдеп, соңғы процеске жеткізбеу керек.
РКС: Үш түрлі мамандық. Үш түрлі тағдыр. Бірақ үшеуін біріктіретін бір қасиет бар – қиындыққа мойымай, алға ұмтылу.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ