Өңірге жылдың аяғына дейін 2 млн. турист келеді деп күтілуде
ДИКТОР: Биылғы жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне келушілердің саны 1 миллион адамнан асқан. Ал, Зеренді өңірінің табиғатын тамашалауға 100 мың адам келген. Жыл соңына дейін өңірдің көркем жерлерін аралауды мақсат тұтқандар саны 2 миллион адамға жетеді деген болжам бар. Осы екі туристік аймаққа инвестиция және туристерді көптеп тарту жұмыстары жандана түскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды.
РКС. Бурабай курортты аймағын дамытуға арналған жалпы сомасы 113 миллиард теңгеден асатын 75 ауқымды жобалардың бүгінгі күні 4 миллиард теңгеден астамына 21 жоба жүзеге асқан. Оның бірі Текекөл көлінің аумағындағы 13 шақырым жол жөнделіп, Бурабай мен Үлкен Шабақты көлдерінің жағалауына 2 заманауи судан құтқару станциялары салынған. Бурабай поселкесінің ішкі 15 шақырымы жарықтандырылды. Соңғы жеті айда тартылған инвестиция көлемі 16 миллиард теңгеден асты.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сонымен қатар, біз Зеренді курорттық аймағына инвестиция тартып жатырмыз. Онда құны 135 миллион теңге болатын «Зеренді Эко-парк» жобасы сәтті жүзеге асырылды. Бұған қоса, қазір құны 1,1 миллиард теңге болатын келушілер орталығы салынып жатыр. Щучинск қаласындағы дендробақты қайта жаңғырту жұмыстары соңғы кезеңге өтті. Бұрын сирек кездесетін ағаштар мен бұталардың 175-тен астам түрі өсетін, ауданы 32 гектарды құрайтын бұл бірегей жасыл аймақ тек ғылыми мақсатта пайдаланылатын еді. Жалпы құны 200 миллион теңге болатын халықаралық жоба аясында туристік соқпақ, 20 көлікке арналған тұрақ, кіру кешені және саябақ қоршауын салу жұмыстары аяқталды.
РКС: Бурабай курортты аймағында тарихи-мәдени мұраға жататын 88 ескерткіш және 5 сакральды нысандар орналасқан. Биыл тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевтың жетекшілігімен Жөкей көлі мен Ақылбай поселкесінде жаңа туристік маршруттар жасалып жатыр. Яғни сәулет ескерткіштері заманауи соқпақтарға кіріктірілуде. Бұл жағажай демалысынан гөрі танымдық туризмді дамытуға жол ашпақ.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бурабай көлінде Айнакөл мен Бөлектау арасындағы бағыт бойынша электрлі өзен трамвайлары ресми түрде жұмысын бастады. Бұл пилоттық жоба туристерге қоршаған ортаға зиян келтірмей саяхаттауға мүмкіндік береді. Осы көлік жүйесі аясында біз ұлттық саябақтың көлік қозғалысы тығыз аймақтарынан тыс жерлерде тоқтату-сақтау тұрақтарын ұйымдастыруды қолға алудамыз, олардың алғашқысы Айнакөл маңында орналасады.
РКС: Бурабай курортты аймағында туристерге қызмет көрсететін ресми 207 орын, 450 сауда және тамақтану орны бар. 29 жағажайда қауіпсіздік шаралары жүргізіледі. 600 қоқыс жәшіктері, 45 қоршауы бар бетон алаңдары, 50 пикник нүктелері, 25 душ кабина мен 400 шезлонгтар қойылған. Ең басты талап - дем алушылар өздерінің өлкесіне жанашырлықпен қарап, қоқыспен ластамай, таза ұстаса дейді туризм саласының мамандары.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ