Зеренді ауданы Қошқарбай шатқалынан қола дәуірінің ескерткіштері табылды
Диктор: Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану» орталығы жыл сайын Ақмола облысының аумағында бұзылу қаупі төніп тұрған археологиялық ескерткіштерге қорғау, құтқару жұмыстарын жүргізеді. «Қазыналы қазба» ұлт құндылығы жобасы аясында 2026 жылдың маусым-шілде айларында Зеренді ауданы Қошқарбай шатқалындағы Шағалалы –Қошқарбай өзені бойында орналасқан қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің Кеңөткел қорымдарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Оның барысында қола дәуіріне қатысты қыш ыдыстар мен малдың сүйектері табылды.
РКС. Ақмола облысында 1800-ге жуық тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бар. Оның алдын-ала есепке алынғандары – 467. Сәулет және қала құрылысына қатыстылары –60. Археологиялық нысанға жататындары –977. Республикалық есепке алынғандары -6. Олардың басым бөлігі Зеренді, Бурабай, Атбасар, Ерейментау, Жақсы аудандарында орналасқан. Биылғы археологиялық экспедиция Л. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің PHD докторанты, археолог Данияр Тілеуқабыловтың ғылыми жетекшілігімен өтті. Бұл маңда 20 қорған мен қорым бар.
СНХ ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Былтыр Зеренді ауданының Шағалалы елді мекендерінде қола айна табылған болса, биыл Кеңөткел ауылы маңындағы Қошқарбай шатқалындағы қола заманның бес қорғаны зерттелді. Төртеуі қола қорғандары, біреуі ерте темір дәуірі қорғандарына жүргізілді. Ерте темір дәуірінің қорғандарында сүйек жоқ, діни ғұрыптық болды, ішінде күйген оттың қалдықтары болды. Сақ заманында егер жауынгер үйіне аман қайтпай қалса, діни ғұрыптық тұрғыда қорған тұрғызып, кенотав ритуалдық қорған болып шықты. Қалған қорғандар өз заманында тоналып кеткен болып шықты. Брақ оның айналасынан құрбандық қыш ыдыстары табылды.
РКС. Археологиялық қазба жұмыстары асқан ыждаһаттылықты талап етеді. Қорымнан табылған әр жәдігер құнды. Оларды бұзып, сындырып алмай, тазалап алып шығу оңай дүние емес. Мысалы, мына қыш тостаған бастапқы күйде өзінің тұтас қалпында болған болса, қазба жұмыстары барысында бөлшектеніп қалған. Себебі, жердің астында талай уақыт жатып қалғандықтан, оны тұтас күйінде алып шығу мүмкін емес дейді археологтар.
СНХ ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Орталық қазақстанда бұларды Атасу мәдениетін Нұра деп бөліп айтады. Қыш ыдыстардың көбінде ковровый орнаменті дейді, өмірдің әрі қарай жалғасатындығын, азық түлік көп болғай деген мағынаны білдіреді, бұларды жерлеу ғұрыптарына бірге салуы алғашқы дүниетаным пайда бола бастағаннан бері қайтыс болған адамның жанына осындай қыш ыдыстарды салу арқылы о дүниеге барғанда осы ыдыстармен азықтансын деген мағынада, о дүниелік болғанда да ол жақта тамақтанады деген сеніммен жерлеген болатын. Сақ заманында күн құдайына табыну деген болды. Осындай тұрпайы мәдениеттің белгілерін осындай қорымдардан көре аламыз.
РКС. Өңірдегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау жұмыстары жылда жүргізіледі. Археологиялық қазба жұмыстарына тарихшы-ғалымдар, археологтармен қатар, Евразия ұлттық университетінің студенттері де қатысады. Бір өкініштісі, біздің жергілікті жоғары оқу орындарында археолог мамандарды дайындайтын факультет жоқ. Соның салдарынан жас археолог мамандар да тапшы. Егер бұлай жалғаса беретін болса, өңірдегі көне қорымдарды зерттеп, тарихи жәдігерлерді жер қойнауынан алып шығатын Әлкей Марғұлан, Кемал Ақышев, Марал Хабдуллиналардың ізін басатын жастардың қатары мүлдем жойылып кетуі мүмкін деген өзінің алаңдаушылығын да археологтар білдіріп қалды.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».