Негізгі Жаңалықтар Жыл басынан бері қалаға 225 вагон көмір жеткізілді

Жыл басынан бері қалаға 225 вагон көмір жеткізілді


ДИКТОР: Көкшетауда алдағы жылу беру маусымына дайындық жалғасуда. Көмір тұйықтарында қажетті отын қоры қалыптастырылып жатыр. Көмір жеткізу жұмыстары штаттық режимде жүзеге асырылуда.

РКС: Жылу беру маусымына дайындық суық түспей тұрып-ақ басталады. Оның маңызды кезеңдерінің бірі өңірге көмірді уақытылы жеткізу. Отынның негізгі бөлігі теміржол арқылы әкелінеді. Пойызбен арнайы көмір базаларына жеткізіліп, кейін тұрғындарға сатылады. Қазір жеке тұрғын үйлерді жылытуға арналған ең сұранысқа ие көмір түрлері сатылымда бар.

СНХ: ДАНАБЕК БЕРДАЛИЕВ, «КӨКШЕТАУ-1» СТАНЦИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл басынан бері теміржол арқылы қала тұрғындары үшін 15,5 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл Шұбаркөл, Қаражыра, Майкүбі және Қаракежүнкөл секілді сұранысқа ие түрінің шамамен 225 вагоны. Бүгінде жүк қабылдаушылардың мәліметіне сәйкес, қаланың көмір тұйықтарында тұрғындар үшін шамамен 12 мың тонна көмір қоры бар. «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысы тарапынан көмір тиеуге арналған вагондарды қамтамасыз ету, яғни оларды тиеу станцияларына уақытылы қайтару тұрақты бақылауда. Көмір тұйықтарына вагондарды беру және шығару жұмыстары уақытылы жүргізіліп, ешқандай кідірістерге жол берілмейді.

РКС: Жылу беру маусымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазір Көкшетауда көмірдің бір тоннасы шамамен - 20 мың теңге.

СНХ: БАХТИЯР ТАЛҒАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шаһардағы көмір тұйықтарында 6,5 мың тонна Шұбаркөл және 4,5 мың тонна Қаражыра көмірі бар. Көмір тұрақты жеткізіледі. Жалпы Көкшетау қаласы мен оған іргелес елді мекендерді қамтамасыз ету үшін жылына шамамен 200 мың тонна көмір қажет. Бүгінде барлық жеткізушілермен келісімшарттар жасалған. Сондықтан жылу беру маусымына дейін көмір үздіксіз жеткізіледі.

РКС: Қазіргі жеткізу қарқыны сақталса, тұрғындар жылу беру маусымы басталғанға дейін қажетті көмір қорын толықтай қамдай алады,-дейді жауаптылар. 

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу