Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қызметтер кезексіз: «Жеке менеджер» қызметі қалай жұмыс істейді?

Мемлекеттік қызметтер кезексіз: «Жеке менеджер» қызметі қалай жұмыс істейді?


ДИКТОР: Бүгінде қала тұрғындарының әрқайсысы мемлекеттік қызметті жалпы кезекте күтпей-ақ ала алады. ХҚКО-да қажетті құжаттарды маманның сүйемелдеуімен рәсімдеуге мүмкіндік беретін «Жеке менеджер» қызметі жұмыс істейді. Бұл қызметтің қалай жүзеге асатыны туралы тілшіміз біліп қайтты.

РКС: Бұл қызмет уақытын үнемдеуді қалайтын және жеке кеңес алуды бағалайтын барлық азаматтарға арналған. Маман қызмет алушыға құжаттарды рәсімдеудің әр кезеңінде сүйемелдеу көрсетіп, қажетті көмекті ұсынады.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Қызметті пайдалану үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының қызмет көрсету бөліміне жүгіну қажет. Анықтама бөлімінде қызмет көрсету шарты рәсімделіп, келушіге талон беріледі. Одан кейін барлық рәсімдеу кезеңінде қызмет алушыға жеке менеджер сүйемелдеу көрсетеді. Қызмет құны 6 мың теңгеге жуық. 

СНХ: ДЖОН НВАИВУ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Иә, мен мұнда жиі келемін. Мұндағы жағдайлар өте қолайлы, барлық мәселе тез шешіледі. Қызмет көрсету сапасы көңілімнен шығады. Қызметкерлер өте сыпайы, сабырлы әрі кез келген мәселені жедел шешуге тырысады. Баға беретін болсам, он балдың орнына он бір балл қояр едім Ондай мүмкіндік болса, менің бағам – 11.

РКС: Бұл қызмет әсіресе құжаттарды рәсімдеу кезінде қиындықтарға тап болатын азаматтар арасында жоғары сұранысқа ие. Жеке менеджер туындаған барлық сұрақтар бойынша кеңес беріп, өтініштерді толтыру кезінде қателіктерге жол бермеуге көмектеседі.

СНХ: НАТАЛЬЯ ГАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Иә, біз жеке менеджер қызметін пайдаландық. Өте ұнады. Ең үлкен артықшылығы ұзақ кезек күтудің қажеті жоқ. Келесіз, қызмет ақысын төлейсіз де, қажетті қызметті бірден аласыз. Қызметкерлер барлық мәселені түсіндіріп, көмектеседі. Құжат рәсімдеу басынан аяғына дейін толық сүйемелденеді. Өте ыңғайлы қызмет, баршаға ұсынамын. Себебі қандай да бір құжатты рәсімдеу кезінде көптеген сұрақтар туындайды. Ал бәрін түсіндіріп, көрсетіп, қажет болса құжатты толтыруға дейін көмектесетін маманның болғаны өте қолайлы.

РКС: Айта кетерлігі, бұл қызмет офлайн форматта да, онлайн форматта да қолжетімді. Бұл құжаттарды рәсімдеу үдерісін бұрынғыдан да ыңғайлы әрі қолжетімді етеді.

СНХ: ДАРИЯ СЫЗДЫҚОВА, ХҚКО БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қызметті алу үшін азамат Халыққа қызмет көрсету орталығының қызмет көрсету бөліміне жүгінуі қажет. Мұнда анықтамада қызмет істейтін маман, қызмет көрсету туралы шартты рәсімдеп, келушіге талон береді. Бұл қызметтің басты артықшылығы, уақытты үнемдеу және мемлекеттік қызметтерді қолайлы жағдайда алу мүмкіндігі. Азаматқа маман толық сүйемелдеу көрсетіп, барлық қажетті сұрақтар бойынша кеңес береді. Сондай-ақ қызметті жалпы кезекте күтпей-ақ, алуға мүмкіндік жасалады.

РКС: 2026 жылдың басынан бері Көкшетауда «Жеке менеджер» қызметін шамамен 340 адам пайдаланған. Орталық мамандарының айтуынша, бұл сервиске деген қызығушылық артып келеді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу