Құрылыс саласының мамандары марапатталды
ДИКТОР: Көкшетауда құрылыс саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов әлеуметтік және маңызды инфрақұрылымдық нысандардың құрылысына қосқан үлесі, еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін 30 ақмолалық құрылысшыға марапат табыстады.
РКС: Жалпы, өңірде соңғы жылдары құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Тек соңғы үш жылда Ақмола облысындағы он мыңдаған отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды. Бүгінде жаңа баспана Көкшетау мен Қосшы қалаларында ғана емес, облыстың барлық аудандарында да белсенді түрде салынуда. Осы кезеңде өңірде жалпы ауданы екі миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі жергілікті құрылыс салушыларының өңірдегі баспана құрылысына қосқан үлесін де ерекше атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 431 миллиард теңгеге дейін өсті. Биыл құрылыс саласы да тұрақты өсім қарқынын көрсетіп отыр. Бұған құрылыс жұмыстарының негізгі көлемінің жергілікті мердігерлерге тиесілі болуы ықпал етуде. Олардың үлесі 87 процентті құрайды. Бұл, облыс бюджетінің кірістерінің, халықтың табысының, сондай-ақ орташа айлық жалақының өсуіне оң әсерін тигізуде. Орташа жалақы деңгейі тек біздің облыста ғана емес, республика бойынша да ең жоғары көрсеткіштердің бірі құрылыс саласында қалыптасып отыр. Бүгінде құрылыс саласындағы орташа айлық жалақы 695 мың теңгені құрайды. Құрметті құрылысшылар! Алдымызда Мемлекет басшысы қойған нақты міндет тұр. Бұл – жай ғана құрылыс көлемін, яғни шаршы метрлер санын арттыру емес, ақмолалықтардың өмір сүруі үшін сапалы жаңа, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
РКС: 40 жылдан астам жалпы еңбек өтілі мен жоғары кәсіби жетістіктері үшін салаға еңбегі сіңген екі маман «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Солардың бірі – облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бөлімінің бас маманы Айсұлу Әбілманова. Ол өңірдің құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЙСҰЛУ ӘБІЛМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Еңбек ардагері» мемлекеттік наградасымен марапатталып отырмын. Өткен жұма күні Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен наградталдым жұма күні. Енді осы наградама жоғарыдағы мемлекет басшыларына рахметімді айтамын. Менің еңбегімді елеп, осындай үлкен мемлекеттік награда бергеніне.
РКС: Өңір құрылысшылары өз еңбегімен күн сайын облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға үлес қосып келеді. Соңғы үш жылда облыста жүзден астам әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Қазақстан Республикасының құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ақмолалық үш тұрғыны «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сала мамандарына Өнеркәсіп және құрылыс министрінің, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
ИНТЕРШУМ:
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.