Негізгі Жаңалықтар Қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес

Қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес


ДИКТОР: Соңғы 2 күн ішінде өңірде қоғамдық орындарды ластағаны үшін 130 адам жауапкершілікке тартылды. Ақмола облысының прокуратура қызметкерлері табиғи нысандар мен жалпыға ортақ жасыл аймақтардың тазалығын жіті бақылауға алды. Құқық қорғау органдары қандай экологиялық заңбұзушылықтарды анықтағаны туралы келесі бейнематериалда.

РКС: Жұмыс барысында прокуратура қызметкерлері 3 гектар жер учаскесінде қатты тұрмыстық қалдықтардың сақталғанын анықтады. Заңбұзушы Целиноград ауданының кәсіпкері болып шықты. Оған экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңбұзушыға 3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

СНХ: ЕРСҰЛТАН ҚАНБАТЫРОВ — АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫ: Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы аясында Ақмола облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнама талаптарының бұзылуын анықтау және оның жолын кесу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. 

РКС: Прокурорлар өңірдің басқа аудандары мен елді мекендерінен де қалдықтарды заңсыз үйіп-төгу фактілерін анықтады. Уәкілетті органдарға мұндай қоқыс орындарын жою туралы тапсырмалар берілді. Айта кетейік, елімізде жыл сайын 1 мыңнан астам табиғатты қорғау іс-шарасы өткізіледі. Құқық қорғау органдары экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында үздіксіз жұмыс жүргізуде.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу