Негізгі Жаңалықтар «Абай дана» қарасөзтану байқауы жалғасып жатыр

«Абай дана» қарасөзтану байқауы жалғасып жатыр


ДИКТОР. Қазақ әдебиетіндегі «Қарасөзтану» ұғымы ұлы ойшыл Абайдың философиялық-дидактикалық мұрасына тікелей байланысты. Мақсаты ақынның қара сөздерінің тәрбиелік мәнін, философиялық астарын және көркемдік қуатын ашу. Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай Көкшетауда өтіп жатқан «Абай дана» қарасөзтану байқауы бүгін де жалғасын тапты. Оған қатысқан жастар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінің мағынасына үңілді. 

ЕСТЕТ. ШУМ:

РКС. Абай соқтықпалы, соқпақты заманда өмір сүріп, қазақ қоғамының санасына сәуле түсіретін, уақыт өткен сайын қадірі арта беретін мәңгілік мұра қалдырды. Ол өз дәуірінің ғана емес, кейінгі ұрпақтың да қамын ойлап, қазақ қоғамын білімге, ғылымға, адамгершілікке шақырды. Абайдың әрбір сөзі, әрбір ойы – адамды кемелдікке, елді өркениетке бастайтын рухани бағдар. Сондықтан хакімнің мұрасы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Оны бүгінгі жастар да түсініп, ой түйіп қалған.

СНХ: ПЕРИЗАТ БАҚЫТҚЫЗЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Абай Құнанбайұлы өзінің қара сөздерінде тәрбие, адам болу сияқты мәселелерді қозғайды. Тек Алланың бұйырғаны деп айтатындары қатты сөгеді. Мысалы, 28-ші қара сөзінде «Ей, мұсылмандар, біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса,сіздер айтасыздар,оның бәрі құдайдың жаратуынан деп. Әрине, жұт та, мүлік те, барлығы онікі, бірақ ауру қылған, сау қылған құдай емес дейді. Адамды жаман яки жақсы қылған да құдай емес дейді. Сондықтан құдайдың бұйырғаны деп отыра бермей, өзіміз де оқуға, білімге талпынуымыз керек дейді.

РКС. Байқауға қатысқан жастар бірінші кезеңде ақынның жанына жақын тұтқан өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде қара сөздерінің мазмұнын талдады. Олар Абай өмір сүрген дәуір мен қазіргі заманды салыстырып отырып, оның тағылымды да танымдық тұстарын талқылап, өзінің ойын ашық жеткізді. 

СНХ ҚУАНБАТЫРБЕК БОЛАТХАНҰЛЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Жалпы Абай Құнанбайұлының қайбір қара сөздері, қайбір өлеңі болсын әлі күнге дейін жастар үшін өзекті, әрі маңызды. Қазіргі таңда жастар дамып жатқан кезде жастар тәрбиесін алға қою үшін ең алдымен ұлы тұлғамыз Абайдан бастаған жөн деп ойлаймын. Абайдың өзі айтады ғой, пайда ойлама, ар ойла, өзіміздің пайдамызды ғана ойламай,білімімізді толықтыру үшін Абай бізге көптеген мағлұматтар қалдырып кеткен.

РКС. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұр¬пақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі. Ойшылдың шы¬¬ғар-машылығы арқылы жастардың көкірек көзін ашып, Абайды әлемге таныту, оны адамзаттың Абайына айналдыру міндетін жүктеу керектігі де өзектілігін жоймайды. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу